(
261
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһтың Елшісінің ұлы ахлақи көкжиегін көрсететін мына хадис-
шәріп мұсылмандарға мынадай жол көрсетеді:
«Адамдар жақсылық
жасаса біз де жақсылық жасаймыз. Ал егер зұлымдық жасаса біз де
зұлымдық жасаймыз деп әрбір істе өзгелерге еліктейтін кісілігі жоқ
жандардан болмаңдар. Алайда өздеріңді жақсылық жасаса жақсылық
жасауға, жамандық жасаса зұлымдық жасамауға дағдыландырыңдар»
(Тирмизи, Бирр 63/2007)
. Жақсылық жасағандарға жақсылық жасап,
жамандық жасағандарға жамандық жасау жақсы қасиет емес. Жақсы
қасиет – жамандық жасағандарға жауап қатпай жақсылық жасай білу.
Өйткені жақсылық жасаған жан дұшпан болса дос болады. Ортада болса
жақындайды. Жақында болса махаббаты одан сайын арта түседі. Алай-
да мынаны естен шығарып алмауымыз керек. Кешіру және кеше білу
жеке басқа жасалған кінәларға қатысты. Бұл кінә қоғамға қатысты болса
кешіруден гөрі түзетуге тырысу, әділдік таныту және дұрыс пен терісті
жарыққа шығару керек. Өйткені мұндай бір кінәні кешіру одан да үлкен
зұлымдыққа жол ашуы даусыз. Адамдық тұрғыдан алғанда мән берілетін
істердің бірі осы. Мүминнің адамдардың кемшіліктерін іздемеуі, тіпті
күтпеген жерден өзгенің айыбын яки кінәраттарын көрген уақытта жа-
сыруы керек. Өйткені кейбір айыптар үшін «Жайылуы болғаннан бе-
тер» деп айтылған. Яғни қоғамда бағзы кінәлардың құлақтан құлаққа
жетіп жайылуы ол кінәнің істелгенінен артық нәтижелер беруі мүмкін.
Сондықтан Хақ Тағала айып пен жамандықтың жайылуына қатты тый-
ым салады. Құран Кәрімде:
«Мүминдерге арасында арсыздықтың жай-
ылуын жақсы көргендерге бұл дүниеде және ақыретте күйзелтуші азап
бар»
- делінген
(Нұр сүресі, 19-аят)
. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Кімде-кім бауырының айыбын жасырса, қиямет күні Аллаһ оның айы-
бын жасырады. Ал кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жария етсе,
Аллаһ та оның айыбын жария етеді. Тіпті үйінің ішінде айыбы арқылы
абыройын төгеді»
(Ибн Мәжә, Худуд 5)
.
«Кімде-кім бауырын (тәубе еткен) күнәсі үшін айыптаса ол күнәні
(өзі) істеместен көз жұмбайды»
(Тирмизи, Қиямет 53/2505)
.
Айыпты жасырудың артықшылығын Пайғамбарымыз (с.а.у.) бы-
лай деп баян етеді:
«Кімде-кім бір мүминнің айыбын жасырса тірідей
топыраққа көмілген қыз баласын қабірден шығарып тірілткенмен тең»
(Ахмет ІV, 153-158; Әбу Дәуіт, Әдеп 38/4891)
.
«Өлікті жуып оның бойында көрген хош емес нәрселерді жасырған
жанға Аллаһ Тағала қырық мәрте кешірім жасайды»
(Хаким І, 506/1307;
Бәйһақи, әс-Сунанул-Кубра ІІІ, 395)
.
Адамдардың жеке, жанұясына қатысты және өзге жасырын
кемшіліктерін іздеу, айыптарын жария ету олардың рухани және ахлақи
тұрғыдан бұзылуына тіпті адами құнын жоғалтуға себепші болуы әбден