(
257
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қызыққандығы соншалық саудагер мен қаржыгерді өлтіртті деген
сөзден тайсалып тұрмын! Дереу саудагердің ақшасын қайтарыңдар! Әрі
құзырыма мынадай арам, шариғатқа қайшы ұсыныстарды әкелмеңдер!»
- дейді.
Кейін тексеру жүргізілгенде саудагердің яһуди екендігі белгілі бола-
ды. Ол іле-шала мемлекет орталығынан ұзақтатылады.
***
Польшада, «Османлылардың аттары Вистуль өзенінен су ішпейінше,
бұл өлке бостандығы мен тәуелісіздігіне қол жеткізе алмайды» деген
сөз бар. Міне осы сөз ата-бабамыздың әділеттілігін танытатын мақалға
айналды. Шынымен-ақ Польша тарихта үш мәрте тәуелсіздігіне қол
жеткізді. Олардың барлығы түрік аттарының Вистуль өзенінен су ішкен
шақтарында болған. Иә, Османлы Польша халқының мемлекет ретінде
қалыптасуына үлкен септігін тигізді.
Фатих сұлтанның әскері әйгілі «алтын көпір» деп аталған Кон-
стантинопль қаласының бекіністерін шабуылдап жатқанда, Византия
ақсүйектерінің бірі христиан Грандук Нотарастың әулие Софиядағы
мәжілісте Пападан жәрдем сұрау ұсынысына қарсы шығып айтқан мына
сөздері ғаламға мәшһүр болған.
«Бұл қалада кардинальдің шәпкесін көргенше, түріктердің сәлдесін
көргенім артық!»
***
Әділеттілікті танытуда, көрсетуде өте биік шыңдарға қол жеткізген
осман империясы христандардың империяға деген адалдығын арттыра
түсті. Мына уақиға оған мысал бола алады:
«ҚануниСүлейменсұлтанВенгрияғажасағанжорықтарыныңбірінде,
бағзы венгрлер Германия императорының мүддесі үшін сұлтанды улап
өлтіргілері келеді.
Олар сұлтанның жеке асшысы армян Манұқты христиандықпен
алдауға күш салады. Алайда сұлтанның әділеттілігі мен адамшылығына
қайран болып жүрген армян асшы бұл арам пиғылды ұсынысты қабыл
етпейді».
***
Қануни Сүлеймен сұлтанның Австрияға жасаған сапарларының
бірінде мынадай бір уақиға болады:
«Әскер дұшпанды өкшелеп, мұсылман болмаған ауылдардың
тұсынан өтіп жатады. Сұлтан тынығу үшін аялдағанда бір христиан
шаруа құзырына келіп: «Сұлтаным! Жауынгерлеріңіздің бірі бағымнан