Previous Page  253 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 253 / 462 Next Page
Page Background

(

253

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Мәлік ибн Динар былай деп әңгімелейді:

«Омар ибн Абдулазиз Аллаһтың жәрдемімен таққа отырды. Тіпті

таудағы шопандар: «Халықты басқаруды жақсы, салих бір кісі өз мой-

нына алды-ау», - десті. Олардан: «Мұны қайдан білесіңдер?» - деп

сұралды.

Олар: «Тіпті жануарлар да тыныш тапты», - деп жауап берісті.

Мұхаммед ибн Ғұйайна былай деп хикая етеді:

«Омар ибн Абдулазиздың халифалығы тұсында қой бағатынмын.

Халифаның әділеттілігі соншалық, маған қойлар мен қасқырлар бірге

жайылып жүрген секілді көрінетін. Бір түні қасқырлардың қойға

шапқанын көрдім. Сасып қалдым. Дүние өзінің тыныштығын жоғалтып

жатқан іспетті еді. Ішімнен: «Мына әділ, әулие халифа көз жұмды-ау

деймін», - дедім. Сұрастырып көрсем, шынымен-ақ Омар ибн Абдулазиз

бақилық болыпты».

***

Бір кісі бір әйгілі әулиенің құзырында залым Хажжажды залымдығы

үшін сөгеді. Әулие оған мынадай тәлім береді.

«Оны сөгемін деп шектен шықпа! Өйткені Хақ Тағала дүниесін

тартып алып, жанын қиған жандардың кегін Хажжаждан алып береді.

Жазасын береді. Бірақ бұл мұнымен шектеліп қалмайды. Кейін Хақ

Тағала Хажжаждың ақысын, оның арына, намысына, абыройына тіл

ұзатқандардан алып, сазайларын тартқызады».

Яғни, кез келген құл зұлымдыққа ұшырап, өзіне зұлымдық жасағанды

сөгіп балағаттағаны соншалық, әлгі залымның деңгейіне жетіп қалады.

Тіпті шектен шығып, залымның одан алар ақысы болады. Осылайша

зұлымдыққа ұшырағанға қысас жасалады.

139

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деп әмір етеді:

«Кімде-кім сендерге соқтықса, (шабуыл жасаса) сендер де олар

өздеріңе соқтыққандай соқтығыңдар! Аллаһтан қорқыңдар! Біліп

қойыңдар! Күдіксіз Аллаһ тақуа құлдарымен бірге!»

(Бақара сүресі, 194-

аят)

.

«Егер біреуді жазалайтын болсаңдар, өздеріңе жасалған

(зұлымдықтың)

мөлшерінде

жазалаңдар!

Алайда

сабырлық

танытсаңдар, әлбетте ол сабырлылар үшін қайырлы болмақ»

(Нахыл

сүресі, 126-аят)

.

***

139. Баба-Заде Ахмет Нағим, Ислам ахлағының негіздері 86, Стамбул, 1963.