Previous Page  248 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 248 / 462 Next Page
Page Background

(

248

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларына қарап: «Сендер неге толық құқығы

бар адамды жақтамайсыңдар?» - деді.

Іле-шала Халуа бинти Қайысқа кісі жіберіп: «Сенде кепкен құрма

болса, менің қарызымды өтеп жіберші! Құрмамыз келгенде қарызыңды

өтейміз», - деп сәлем айтып жіберді.

Халуа (р.а.): «Әміріңізге құлдық! Әке-шешем жолыңа құрбан бол-

сын!» - деп қарызды сүйсіне өтеді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әлгі бәдәуидің қарызын өтеп, әрі ас әзірлетіп

мейман етті. (Бұл сыйға көңілі толған) бәдәуи: «Қарызыңды толық

өтедің. Аллаһ та саған мұның сыйын толық берсін», - деп дұға етті.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Міне осылар (яғни қарызын толық өтегендер)

адамдардың ең қайырлысы. Әлсіздері зұлымдыққа ұшырап, ақысын ала

алмаған қоғам Аллаһтың азабынан құтылмайды»

(Ибн Мәжә, Садақат 17)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) кейде қарызданып қалатын. Бұл қарыздар

төмендегі мына себептерден туатын:

а. Өзіне келген мұқтаж әрі пақыр жандардың мұқтаждықтарын өтеу

үшін айналысқандықтан.

ә. Адамзат баласына қарыздың қалай өтелу керектігін көрсету.

***

Нұғман ибн Башир былай деп әңгімелейді:

«Әкем мені Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) ертіп апарды. Әкем оған қарап:

Мен бір құлымды, мына балама сыйға тарттым», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Мынаған сыйға тартқаныңды, өзге балаларыңа

да бердің бе?» - деп сұрады.

Ол: «Жоқ. Бермедім», - деп жауап қатты.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Олай болса, берген сыйлығыңды қайтып ал!» -

деді

(Бұхари, Хиба 12; Шәһадат 9; Мүслим, Хибат 9-18)

.

Басқа бір риуаятта Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Мұндай сыйлықты бар

балаңа тарту еттің бе?» - деп сұрайды.

Башир: «Жоқ! Бәрін бірдей тартпадым!» - деп жауап береді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһтан қорқыңдар! Балаларыңның арасын-

да әділетті болыңдар!» - дейді. Мұны естіген Башир сыйлығын кері ала-

ды

(Мүслим, Хибат 13)

.

Тағы да басқа бір риуаятта Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Баширге қарап:

Бұл сыйлығыңа менен басқа біреуді куә қыл», - дейді. Артынша оған:

«Балаларың саған жақсылық жасағанда бірдей жасауы сені қуанта ма?»

- деп сауал қояды.