Previous Page  246 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 462 Next Page
Page Background

(

246

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Кез келген мұсылман тек үкім бергенде ғана емес өлшеп тартқанда,

куә болғанда қысқасы әрдайым кез келген істе әділеттіліктен таймауы

қажет.

133

Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді.

«Уа, иман келтіргендер! Әділеттіліктен таймаңдар. Өздеріңнің,

әке шешелеріңнің және туыстарыңның зиянына болса да Аллаһтың

разылығы үшін куә болыңдар, бай немесе кедей болса да. Өйткені

Аллаһ оларға сендерден жақын. Ендеше әділдік жасауда нәпсілеріңе

ермеңдер?»

(Ниса сүресі, 135-аят)

.

«Уа,иманкелтіргендер!Аллаһтыңразылығыүшін,куәболғандарыңда

туралықтан айнымаңдар. Бір қауымға деген өшпенділіктерің сендерді

әділеттен тайдырмасын. Әділдік етіңдер, өйткені тақуалыққа жараса-

тыны осы»

(Мәйда сүресі, 8-аят)

.

Әділеттілік, мемлекеттерді жықпай ұстап тұратын негізгі діңгек.

Тіпті, «Күпірлік пен тұрақтылық болуы мүмкін. Бірақ зұлымдықпен

болмайды» деген сөз мақалға айналған. Күллі басшылықтың әділетпен

тұрақталатындығын білдіру үшін де «Әділет мүліктің » негізі деп

айтылған.

Әділет ертелі-кеш міндетті түрде өз жарқын бейнесін көрсетеді.

Өйткені ең кеш көрінген әділет зұлымдыққа жақын әділет. Берілген

үкім тура болса да кешіккен әділет зұлымдықтың бір түрі. Зұлымдық

болса орасан зор зиянға тигізуге себепші болады.

Хақ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«Хақ жолдан тайғандарға

келсек тозаққа отын болады»

(Жын сүресі,15-аят)

.

«Зұлымдық жасағандарға ешбір жәрдемші жоқ»

(Бақара сүресі, 270-

аят)

.

Пайғамбарымыз зұлымдықтың үлкен күнәлардың бірі екендігін бы-

лайша тілге тиек етеді:

«Ақыретте жазасының берілуімен қатар дүниеде Аллаһ Тағаланың

лезде жазаландыруына ең лайық күнәлар – зұлымдық пен туысқа

қарайласпау»

(Әбу Дәуіт, Әдеп 43-4902; Тирмизи, Қиямет 57, ибн Мәжә, Зүһд 23)

.

Бәз біреулер әдемі сөз сөйлеу арқылы және зеректігінің арқасында

жасаған зұлымдықтарын жасыруы әбден мүмкін. Алайда олар ешқашан

мұнымен құтыламын деп ойламаулары қажет.

134

Бұл бес күндік жалған дүниеде мың бір айла тауып, әділеттіліктен

тайғандар күндердің күнінде «хакімдердің хакімі» (үкім берушелердің

133. Қараңыз: Хайсами І, 90.

134. Бұхари, Шәһадат 27, Хиял, 10, Ахкам 20; Мүслім, Ақдия 4.