Previous Page  249 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 462 Next Page
Page Background

(

249

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Башир: «Әлбетте қуантады», - деп жауап береді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Олай болса, сен де олай етпе!» - деп әмір етеді

(Яғни, олардың барлығына бірдей әділетті бол дейді).

***

Сахабалардың бірі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында отырған бо-

латын. Кенет күтпегенжерденкішкентайұлыкелді. Ол баланықұшақтап,

бетінен сүйді. Кейін тізесіне отырғызды. Артынша іле-шала қызы келді.

Сахаба оны тізесіне емес, жанына отырғызды.

Мұны көрген Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған: «Балалардың арасында

әділетті болуларың керек қой?» - деді. Әрі қыз бен ұлдың айырымын

жасамауды, бірін өзгесінен артық көрмеуді насихат етті.

135

***

Бір кісі Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) құзырына келіп: «Уа, Аллаһтың

Елшісі! Менің құлдарым бар! Әрдайым маған өтірік айтады. Қиянат

етеді. Қарсы шығады. Мен де оларды азарлап, таяқ астына аламын. Сон-

да менің жағдайым (қияметте) қалай болмақ?» - деп сұрады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Олардың жасаған қиянаты, қарсылығы,

жалған сөздері мен сенің оларды жазалауың есепке тартылады. Егер

сенің жазаларың, олардың кінәсімен тең түсіп жатса пайда яки зиян

көрмейсің! Ал егер сенің жазалауың, олардың кінәсінен аз болып жат-

са, сен үшін игілік, пайда болмақ. Ал керісінше болып, сенің жазалауың

олардың кінәсінан асып түссе, ол артқанды өтеуге мәжбүр боласың! Бұл

сенен қысас арқылы алынады», - деді.

Кісі шетке шығып, өкіріп жылай бастады.

АллаһЕлшісі (с.а.у.): «СенАллаһТағаланың:

«Біз қиямет күні әділдік

таразыларын құрамыз. Сол шақта ешкім зұлымдыққа ұшырамайды.

(Істелген іс)

шаңның тозаңындай болса да оны әкелеміз! Есеп алушы

ретінде

(барлық жанға)

жетеміз»

136

деген аятын оқымадың ба?» - деді.

Кісі: «Уаллаһи! Уа, Аллаһтың Елшісі! Өзім үшін, әрі олар үшін бір-

бірімізден айырылудан басқа қайырлы жол көріп тұрғаным жоқ! Куә

болыңыз! Мен оларды азат еттім», - деді

(Тирмизи, Тәфсір 21/3165)

.

Құл да адамзат баласы болғандықтан құлға қатысты ислами

қағидаларға көз салсақ, қожайыныөзжегенінен оғанжегізіп, өз кигенінен

кидіріп, ауыр жүк тасытпауы, әрі оған зұлымдық жасамауы керек екен.

Ислам дінінің ұлы әділет түсінігі саясында құл қожайыны болу, құл

135. Тахауи, Шарху Мәғанил-Асар, Бейрут 1987, ІV, 89; Бәйхақи, Шуаб VII, 468; Хайсами

VIII, 156.

136. Әнбия сүресі, 47-аят.