(
250
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
болу деген мағынаға келеді. Осылайша бұрыннан келе жатқан құлдық
жүйесі бірте-бірте ғайып болды.
Ирбад ибн Сария (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Аллаһ Елшісімен бірге Хайбар бекінісіне келіп, ат басын тіредік. Жа-
нында көптеген сахабалары бар болатын. Хайбардың көсемі тәкаппар,
паң біреу еді. Ол Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп: «Уа, Мұхаммед! Сендердің
көлігімізді союға, жемісімізді жеуге, қатынымызды сабауға қандай
құқықтарың бар?» - деді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ашуға мініп: «Уа, ибн Ауф! Атыңа мініп:
«Хабарларың болсын! Жәннат тек мүминдерге ғана халал болмақ! На-
маз оқуға жиналыңдар!» - деп жар сал!» - деді.
Сахабалар тез арада жиналды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) намаз оқытты.
Артынша былай деді:
«Сендердің араларыңдағы біреу орындығына жайғасып алып,
Аллаһтың Құранының ішіндегісінен басқа харамдары жоқ деп ойлай
ма? Хабардар болыңдар! Мен насихат еттім. (Құранда болмаған кейбір
нәрселерді) әмір еттім. Көптеген нәрсеге тыйым салдым. ОларҚұранның
теңдесі секілді. Бәлки одан да көп. Аллаһ Тағала әһли-кітаптың үйіне
рұқсатсыз кіруге тыйым салған. Салықтарын өтегеннен кейін (яғни, жи-
зия) қатындарын сабауларыңа, жемістерін жеулеріңе де тыйым салған»
(Әбу Дәуіт, Хараж 31-33/3050)
.
Ислам діні мұсылмандардың азулы дұшпандарына да әділеттен тай-
мауларын әмір етеді. Нендей ұлылық десеңізші! Кез келген мұсылман
баласы тіпті кәпірге жасаған зұлымдығының есебін ойлап, әрдайым
әділетті өз өмірінде ту етіп алады.
***
Хазірет Әлидің (р.а.) ағасы Жағфар алғашқы мұсылмандардан бола-
тын. Ол Мекке мүшріктерінің зұлымдығынан қашады. Жанына әйелін
алып, Эфиопияға һижрет етеді. Ол жерде бірнеше жыл тұрақтап қалады.
Һижреттің жетінші жылында Мәдинаға келеді. Бір күні Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) одан Эфиопияда көрген оғаш уақиғаларын айтып беруін өтінеді.
Жағфар Таяр (р.а.) төмендегі мына уақиғаны айтып береді.
«Бір күні жай отырған болатынбыз. Тұсымыздан кәрі монах әйел
өтті. Басының үстіне қойып алған үлкен су ыдысы бар еді. Жас бір жігіт
бейшара әйелді итеріп жіберді. Әйел тізерлеп қалды. Басында тұрған
әлгі су ыдысы да сынып қалды. Әйел орнынан тұрды. Жас жігітке қарап:
«Ей, залым! Ертең Аллаһ күрсісін қойғанда, дүниеден өткен барша
жанды жинағанда, аяқ пен қол өз істегенін мойындағанда, зұлымдыққа
ұшырағанның ақысы залымнан алынғанда, арамыздағы даудың қалай
шешілетіндігін көзіңмен көресің», - деді.