Previous Page  245 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 245 / 462 Next Page
Page Background

(

245

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

1. Әділеттілік

Әділеттің ислам дініндегі алар орны ерекше. Кез келген істе оның

өзіндік орны бар. Сондықтан оған аса үлкен мән беруімізге әмір

етілген. Адамдар әділетті өз өмірлерінде негізгі ұстаным етіп алғандар

ғана Аллаһтың разылығына қол жеткізеді әрі рухани жан дүниелері

тыныштық тауып өмір сүреді. Осылайша бұл дүниелік әрі ақыреттік

ізгіліктерге, игілікке кенеліп бақыт теңізінде жүзеді.

Әділет өз күшін жойса хақ, құқық, ынсап, және тепе-теңдік жайлы

сөз қозғау мүмкін емес. Дүниелік өмірінде әділеттен тайып зұлымдық

жасағандар қияметте ғапылдықта өткізген емтихан әлемі үшін қатты

өкінеді.

Әділет иесі әрі әділеттің нақ өзі деген мағыналарға келетін «Әл-Адл»

сөзі Аллаһ тағаланың көркем есімдерінің бірі болып табылады.

131

Аллаһ Тағаланың Пайғамбарларды адамзат баласына жіберуінің ба-

сты себептері, адамдарды Аллаһтан ұзақтататын, пайдакүнемдік пен

зұлымдыққа негізделген қатыгез жүйелердің түбіне жету әрі жер бетінде

әділеттілік орнату үшін болды.

Құран Кәрімде былай делінген:

«Аллаһ тағала әділеттілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады.

Жаман іспен сөзге, арсыздыққа және өзгеге зорбалық жасауға тыйым

салады. Ол, ойланып таразылауларың үшін насихат етеді»

(Нақыл сүресі,

90-аят)

.

«Күмәнсіз,

Аллаһ

аманаттарды

лайықты

орындарына

тапсыруларыңды және адамдардың арасында үкім берсеңдер әділдік

пен үкім етулеріңді әмір етеді. Расында Аллаһ сендерге керемет

уағыздар айтуда. Күдіксіз Аллаһ естуші, көруші»

.

«Әділ» сипатының ақиқи қожайыны Аллаһ тағала құлдарының

ішінде әділеттен таймағандарын сүйеді.

132

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Әділетпен үкім еткен-

дер қияметте Рахманның оң жағында орналасқан, нұрдан жасалған

мінбелердің үстінде отырады. Бұлар берген үкімдерінде, жан ұяларына

және қол астындағыларға әділеттілік танытқандар»

(Ахмед II, 160)

.

Басқа хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді.

«Қиямет күнінде адамдардың Аллаһ тағалаға ең сүйкімсізі және оған

ең ұзақ болатыны залым бастық»

(Тирмизи, Ахкам 4/1329; Нәсаи, Зекет 77)

.

131. Тирмизи, Дағауат 82-3570.

132. ����������������������

Хужурат сүресі, 9-аят.