(
243
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мәміле
Хақ діннің, адамзат баласы жаратылғаннан бері иман негіздері мен
басты ахлақи құндылықтары өзгермеген.
Алайда құлшылық түрлерімен мәміле үкімдері әрбір пайғамбардың
дәуірінде сол кездегі қоғам шарттарына қарай ұсақ-түйек өзгерістерге
ұшырап отырған. Аллаһтың қалауымен адамдардың мұқтаждықтарымен
мәдени деңгейлеріне қарай діннің кемелденуі жүзеге асқан. Алғашқы
жан Адам пайғамбардан басталған Хақ дін өзінің кәміл деңгейіне
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тәблиғ еткен уахиымен жетті. Яғни
Аллаһтың соңғы елшісі Пайғамбарымыз (с.а.у.) арқылы дін ахлақи және
мәміле тұрғысынан өзінің шырқау шегіне барды. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
арқылы заңғар биікке көтерілген Ислам діні 1400 жылдан бері өз мән-
мағынасын сақтап келе жатқан жалғыз дін.
129
***
Исламның өзге діндерден айыратын үш негізгі ерекшелігі бар. Олар:
1. Таухид нанымы
2. Құлшылық
3. Мәміле
Мәміле ислам дінінің ойлау жүйесін тұрақтандыратын басты
факторлардың бірі. Көптен бері мұсылман әлемінде материалистік және
рациональдық пікірлер кеңінен таралды. Бұл пікірлердің ықпалында
қалған адамдар ұлық ислам дінінің мәмілеге қатысты тұстарынан көз жа-
129. Қазіргі таңда үш Сәмауи дін бар. Олардың бірі христиандық, Иса пайғамбардың
Аллаһтың бірлігі мен рухани жан дүниені тазартудан ғана құралған шектеулі міндеті
бірнеше әлеуметтік ахлақи қағидалар, әмірлер әкелуіне мүмкіндік берді.
Кейінірек діннің бастымақсаты болыптабылатын «Таухид» сенімі, адамдардың әрекетімен
«Тәңірі», оның ұлы «Иса» және «Киелі рухтан» тұратын үш тәңірлік дінге айналды.
Осылайша бұл дін қатты өзгеріске ұшырап танылмас халге жетті.
Яхудилік болса көптеген мәміле қағидаларын орнатқан еді. Алайда адам сенгісіз өзгеріске
ұшырады. Наным әрі мәміле тұрғысынан негізіне мүлде ұқсамайтын күйге душар болды.
Бұл дінде де «Таухид» негізі, Ұзейр пайғамбардың Аллаһтың ұлы деген теріс наныммен
бұзылды. Әрі Яхудиліктің тек еврейлердің діні деп танылуы, солайша айтылуы бұл діннің
барша адамзаттың мұқтаждығын өтей алатын ерекшеліктерден мақұрым етеді.