Previous Page  238 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 238 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

238

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Дарданың оңаша жылап отырғандығын байқап қалдым. Қасына барып:

«Уа, Әбуд-Дарда! Аллаһ исламды және мұсылмандарды үстем еткен

сәтте, сен неге жылап отырсың?»,-деп сұрадым.

Маған қарап: «Қарғыс атқыр! Адамдар Аллаһтың әмірін тәрк еткен

шақта, олардың ешқандай бағасы қалмайды. Қарасаңшы, мына халық

кезінде дүние-мүлкі асып-тасыған, күшті, қуатты ел болатын. Олар

Аллаһтың әмірлерін тәрк еткен шақта, міне осындай кейіпке түсті», -

деді

(Әбу Нұғайым, Хиля 1, 216-217)

.

Құран Кәрімде бұл жайлы Аллаһ Тағала былай дейді:

«

(Кез келген)

қауым, өзін өзгертпейінше, Аллаһ ол қауымды

өзгертпейді»

(Рағыд сүресі, 11-аят)

.

«Күмәнсіз Аллаһ Тағала

(кез келген)

қауымға берген нығметін, олар

өздері өзгертпейінше өзгертпейді»

(Әнфал сүресі, 53-аят)

.

Ардақты сахабалардың өздері жеңген дұшпан жайындағы мұндай

терең ойлары нендей өнегелі! Бұл, мұсылмандардың пайда табу үшін

емес, адамдарға екі дүниенің бақытына қол жетізуге мүмкіндік туғызу

үшін күрескендіктерін көрсетеді.

Міне осы кейіпке түскен адамдар, бұл шайқас болмастан бұрын

Аллаһтың дінін қабыл еткенде Әбуд-Дарданың және өзге де

мұсылмандардың бауыры болып шыға келер еді. Мұндай қасіретке тап

болмас еді. Бірақ олар, өз дегендеріненқайтпай соғысқашықты.Нәтижесі

жеңіліспен аяқталды. Әбуд-Дарда тәрізді мұсылманның жүрегі жеңіліс

тапқан адамдардың қайғысына ортақтасып жылайды. Өйткені иман

нұрына бөленген жүрек, ешбір жанның зиян көруін тілемейді. Керісінше

барша адамзат баласының екі дүниелік бақытын тілеумен болады.

***

Имам Ағзам өзі анда-санда «усул» және «ақайдқа» (сенім тұрғысына)

қатысты мәселелерде ғалымдармен ғылыми тартыстарға түсіп жүретін.

Бірақ оқушыларына, туыстарына мұндай тартыстарға қатысуына

тыйым салатын. Бір күні ұлы Хаммадтың бір кәлам (сенім) мәселесінде

тартысып жатқанын көрді. Дереу бас тартуын талап етті. Оқушылары

имам Ағзамнан: «Сенің тартыстарға түсіп жүргеніңді көріп жүреміз.

Неге бізге тыйым саласың?» - деп сұрады.

Ол ұлы ғалым, жаратуышының жаратылысқа мейіріммен қарағаны

секілді, оқушыларына назар салып: «Біз тартысқа түскенде әріптесім

сүрініп кетер, жаңылып қалар деп қорқып, басымызда қонып отырған

құс ұшып кетпесін дегендей сақ отыратынбыз. Сендер болсаңдар,

тартысқа түсесіңдер, сонымен қатар әріптесіңнің сүрінуін тілеп

отырасыңдар. Әріптесінің жаңылуын, сүрінуін қалаған жан, оның