(
237
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұл ақиқатты шайырлардың бірі былай деп жеткізеді.
«Мұсылмандарға жәрдем ет рақымдылығыңмен,
«Ал, кәпірлерге одан да көбірек мейірімділік таныт!».
АллаһТағалаХакимнің(р.а.)жаратылысқаЖаратушыныңназарымен
қарап, мәміле жасағандығы үшін иман нұрына бөледі.
***
Ямаманың көсемі Сумама ибн Усал мұсылман болды. Артынша
Мекке мүшріктерімен жасайтын сауда-саттығын тоқтатты. Ал Құрайыш
руы барлық азығын, мұқтаждықтарын Ямамадан алып тұратын. Аштық
пен қиыншылыққа душар болған меккеліктер, не істерін білмей қайран
болып Пайғамбарымызға (с.а.у.) кісі салды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
Сумамаға хат жазып, сауда-саттығын жалғастыруын өтінді
(Ибн Абдулбир,
әл-Истиғаб I, 214-215: ибн Әсир, Усдул-Ғаба I, 295)
.
Ал ақиқатына жүгінсек мүшріктер мұсылмандарға он үш жыл
бойы материалдық және рухани тұрғыдан көптеген зұлымдық жасап,
жамандық атаулының барлығын әбден істеген еді. Әсіресе үш жыл бойы
мұсылмандарды қоршауға алып, аштыққа душар еткентұғын. Аштықтан
жылаған балалардың дауыстары Меккенің махаллаларында естіліп
тұратын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұларды да кешірді. Өйткені ол Аллаһ
Тағаланың ахлағымен ахлағын (мінезін) безендірген еді. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) махлұқатқа Оның рақымдылығы және мейірімімен назар
салатын.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) һижреттің жетінші жылы Хайбарды
бағындырғаннан кейін, құрғақшылық пен аштыққа душар болған Мекке
халқына жәрдем ретінде алуан түрлі заттар беріп жіберген еді. Әбу
Суфян бұлардың барлығын қабылдап, Құрайыш руының кедейлеріне
таратып берді. Ол кезде әлі мүшріктұғын. Бұл ұлы әрекетке қайран
қалып: «Аллаһ, бауырымның баласына жақсылық нәсіп етсін! Өйткені
ол туыстық ақыны қорғап қалды», - деп разылығын білдірді.
127
Аллаһ Елшісінің бұл ұлы мәмілесі меккеліктердің жүрегіндегі мұзды
ерітіп, соның артынша Меккені бағындырғанында, оңай мұсылман
болуларына ықпал етті.
***
Жұбайыр ибн Нафир былай деп әңгімелейді:
«Кипр бағындырылғанда, тұрғындар жан-жаққа таратылды. Халық
мұңға батып, бір-бірін құшақтап жылап жатты. Сол шақта Әбуд-
127. Яқуби, Тариху-Яқуби, Бейрут 1992, II, 56.