Previous Page  233 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 233 / 462 Next Page
Page Background

(

233

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тұрғындары бір-бірімен араздасып, жаңадан сел болып бауыр қаны

төгіледі».

Бойына осындай ұлы жауапкершілікті ұстанған сұлтан, көз

жұмғанында жас болатын. Өсиетіне қарай әрекет жасалып, жаназасы

ұлы келгенге дейін кешіктірілді. Ол осылайша өлі денесімен болса да

мемлекетіне және халқына қызмет етті.

***

Екінші Баязит хан да, үлкен жауапкершіліктің мәнін сезіне білген,

әулиепадишаһтұғын.Бірмәжілістемойнындағыүлкенжауапкершіліктің

бір көрінісі ретінде уәзірлеріне былай деп ескерту жасаған еді:

«Пашалар! Қол астымдағылардың барша халі қиямет күні менен

сұралатыны хақ. Сарайымның маңайында исламға теріс келетін қайшы

әрекеттер жасағандарыңды естіп жатырмын. Бұл әрекеттерің арқылы,

маған ақыретте жататын жер қалдырмайтын түрлерің бар. Мұны біле

місіңдер? Махшар күнінде мен қалай жауап бермекпін? Сақ болыңдар!

Аллаһтың разылығына сай келмейтін әрекет жасаушы болмаңдар».

***

ҚануниСұлтанСүлейменқайтысболғанда, денесі қабіргетүсірілгенде

бір сандық әкелініп

«өсиетінде осылай делінген!»

деп бірге қоюға

әрекет жасады. Шейхул-ислам Әбус-суғуд мырза дереу іске араласты.

Жаназамен бірге құнды нәрсенің көмілуінің дұрыс емес екендігін

білдірді. Шейхул-ислам Әбус-суғудқа мұның өлместен бір күн бұрын

сұлтанның өсиет еткені айтылды. Таң қалып, сандықты ашты. Ішінен

өзінің падишаһқа берген пәтуаларын көрді. Сасып қалып:

«Сен өзіңді

құтқарып қалдың ұлы Сұлтаным! Біз ертең ақыретте не қылмақпыз?»

- деп мұңға батты. Кейін көз жасына ерік берді.

Өйткені Қануни, барша ғұмырындағы іске асыруға ниет еткен әрбір

ісінің пәтуасын сұрайтұғын. Пәтуасын алғаннан кейін ғана істі жүзеге

асырып отыратын.

***

Патша халқының қадірін білуі тиіс. Олардың құқығын,

ақысын толықтай өтеуі қажет. Бір күні Қануни Сүлеймен сұлтан

маңайындағыларға қарап: «Ғаламда игілігі үзілмейтін кім бар?» - деп

сұрады.

Мәжілісте отырғандардың барлығы бір ауыздан: «Әрине, жиһанның

падишаһы, мемлекетіміздің сұлтаны!» - десті.

Олардың жауабы падишаһтың көңілінен шықпай былай деді:

«Ақиқатына жүгінсек, игілігі үзілмейтін халық болып табылады. Олар