¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
228
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
екендігін сұрап алды да сосын: «Аллаһ саған тек игілік берсін. Оны
емшектен шығаруға асықпа», - деді.
Таң намазының уақыты кірген болатын. Хазірет Омар (р.а.) михрабқа
өтіп намаз оқытты. Намаз оқып тұрғанда жылады. Артындағы жамағат
оныңне оқығандығын түсінбеді. Сәлембергенненкейін: «Омар құрысын!
Кім біледі қаншама мұсылман баласына зұлымдық жасағанын», - деді.
Кейін бір кісіні шақыртып алып: «Балаларыңды емшектен шығаруға
асықпаңдар. Өйткені мұсылман болып дүниеге келген әрбір сәби үшін
жәрдемақы беріледі», - деп жар салдырды. Артынша бұл бұйрығын
қағазға жазып, барша ислам аймақтарына жіберді
(Ибн Сағд III, 301; ибн әл-
Жаузи, Мәнақиб 77-бет)
.
Хазірет Омар (р.а.) орталыққа алыс аймақтардағы халықтың
мұқтаждықтарын өтеумен де айналысатын. «Фыраттың жағасында бір
қозы жоғалса, соның себебінен Аллаһ мені есепке тартады», - деуші
еді.
123
Шалғай жатқан аймақтарда қоныс теуіп жатқан адамдардың
шағымдары, мұқтаждықтары маған жетпей қалды-ау деп алаң болатын.
Сондықтан олардың халін білмекші болып Мәдинаның тысына жиі-жиі
шығатын. Кейінірек біраз аймақтарды аралап, өзге қалаларды қарап
шығуға ниеттенгенде өмірі жетпей, шәһит болып Аллаһқа қауышты.
***
Омар ибн Абдулазиз (р.а.) халифа болып сайланған күні бойындағы
тақуалық сезімі оны ысырапшылдықтың алдын алуды өз жанұясынан
бастауға итермеледі. Әйеліне қарап: «Егер менімен тұрғың келсе, әуелі
қолыңдағы күллі әсемдік бұйымдарыңды «бәйтулмалға» (қазынаға)
өткізесің. Оларды өткізбейінше бірге жүріп-тұруымыз, арамызда
түсіністіктің орнығуы қиындау болады», - деді. Мұны естіген әйелі
Фатима барша бағалы әсемдік бұйымдарын бәйтулмалға өткізді.
Күйеуі қайтыс болғаннан кейін билік бауырының қолына өтті.
Бауыры бәйтулмалға өткізген Фатиманың әсемдік бұйымдарын
қайтарып бермекші болды. Алайда салиқалы әйел Фатима бұл
ұсынысты қабыл етпей: «Күйеуімнің көзі тірісінде оған бағынған едім.
Енді өлгеннен соң оған қарсы шығайын ба?» - деп таңқаларлық керемет
жауап бергентұғын.
124
***
Омар ибн Абдулазиз қара қылды қақ жарар әділдігімен әйгілі болды.
Мемлекетте тыныштық орнатты. Адамзат тарихы куә болған көптеген
игі істерге мұрындық болды. Ол билікті Аллаһтың аманаты ретінде
123. Ибн Әби Шайба, Мусаннаф, Хайдарабад 1976, VІІІ, 153.
124. Мехмет Зиһни Ефенди, Мешһур кадынлар, Бедреттин Четинер, Станбул 1982, ІІ,
118.