¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
230
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ұлым! Күш-қайратың тасып тұр! Ақылдысың һәм шешенсің! Бірақ
бұларды қалай қолдануын білмесең, таңертең соққан самал желдей
жоқ болып кетесің. Ашуың мен нәпсің бір жақ болып, ақылыңды жеңіп
кетеді. Сол себепті әрдайым сабырдан айрылма! Тұрақтылық жан серігің
болсын! Қалауың, тілеуің темірдей болсын!
Сабырлылық өте маңызды! Патша сабырдың қадірін жақсы білуі тиіс.
Уақыты жетпей жатып, гүл гүлдемейді. Піспеген алмұрт жеуге келмейді.
Сен жеген күннің өзінде бауырыңда қалып қояды. Білімсіз қылыш та,
дәл осы піспеген алмұрт іспетті.
Халқың, өзмәдениетініңдеңгейіндеөмірсүрсін.Дамысын, өркендесін.
Оған теріс айналып кетпе! Әрдайым мұны жадыңда тұт! Қоғамды
дамытатын да, басқаратын да сол мәдениет деңгейі.
Ұлым! Көптеген жан таңертең дүниеге келіп, кешкі ақшам намазы
уақытында дүниеден өтіп жатады. Мына дүние соншалықты үлкен
емес. Барша игіліктің сыры, құпиясы сенің әділеттілігің мен ізгілігіңнің
саясында көрінеді.
Әке-шешеңе құрмет көрсет! Берекенің жасы үлкендермен бірге
екендігін ұмытпағайсың!
Бұл дүниеде сеніміңді жоғалтсаң, көкпеңбек болып жайнап тұрған
шағың, қураған шөлге айналады.
Екі ұшты сөз сөйлеме! Барша сөзді өзіңе жүктеме! «Көзі көргенге
айтпа, білгенге білдің ғой» деп жақ ашпа! Сені жақсы көретін жерге жиі-
жиі барма, абыройыңа дақ түседі.
Мына үш кісіге жаның ашысын: Сауатсыз надандардың арасында
бағаланбаған ғалымға, бай болып шалқып жүргенде, бір күнде пақыр
болғанға, абыройы тасып тұрғанда, абыройдан айрылып қалғанға.
Мемлекет, билеушінің балаларының яки бауырларының ортақ
дүниесі емес. Мемлекет тек билеушінің еркінде болуы қажет. Көз
жұмып, о дүниелік болып жатса, орнына кім отырса, билік соның қолына
өтеді. Кезінде осы қателікке ұрынған ата-бабамыз мемлекеттерін ұлдары
немесе бауырларының арасында бөліп берді. Сондықтан дәурендері
ұзаққа созылмады. (Міне осы насихат, Осман империясын 622 жыл
ұстап тұрды).
Адамбаласыбіротырса,орнынанқайтатұруықиын.Кісіқимылдамаса,
бойында қан жүрмейді. Қан жүрмегеннен кейін, бос сөзге әуес болады.
Бос сөз өсекке айналады. Өсекке бой алдырған соң, ісінің оңға жүруі
екіталай дүние. Дос дұшпанға, ал дұшпан жыртқыш аңға айналады.
Кез келген жанның күш-қайраты азаятын күн туады. Бірақ білім
әрдайым өз күшін сақтайды. Білімнің сәулесі тіпті қараңғы көздің ішіне