(
231
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
болмашы мөлшерде түссе, шуаққа бөлейді.
Хайуан өлсе, ер-тоқымы қалады. Ал адам өлсе, артына қалдырған
туындысы қалады. Бақилық болған кісінің емес, артына дәнеме
қалдырмаған адам үшін жылау керек. Артында бітпеген ісі қалған
жанның ісін жалғастыруы ләзім.
Соғысты сүймеймін. Қан төгуден жиренемін. Бірақ қылыштың
жарқ етіп бір сермелетіндігін ішім сезеді. Қылыш сермелген күннің
өзінде адамзаттың игілігі үшін сермелсін деп тілеймін. Өйткені біреудің
өзге біреуге қылыш сермеуі үлкен қылмыс болып табылады. Патша,
мемлекеттен жаны бөлек кісі емес. Бір патшаның кесір-кесапатынан,
соғыс ашылмауы тиіс.
Тоқтауға, дем алуға құқығымыз жоқ. Өйткені уақыт жоқ, белгілі
мерзім бар.
Жалғыздық қорқаққа жарасар қылық. Жердің жөн-жосығын білетін
диқан, өзгелермен ақылдаспайды. Оған өз өресі жетеді. Тек топырақтың
ылғалдығын білсе болғаны.
Махаббат, сүйіспеншілік кез келген істің негізгі қағидасы болуы
қажет. Ал сүйіспеншілік тыныштықта байқалады. Бақырып-шақырып
біреуді сүйе алмайсың. Тіпті көзге көрініп те сүйе алмайсың!
Өткенін білмеген, болашағын білмейді. Осман! Өткеніңді жақсы
білсең, болашаққа сенімді қадам жасайсың! Қай жерден келгеніңді
ұмытпасаң, қай жерге баратыңды есіңнен шығармайсың.
***
ОсманҒазиажалытаяғандақолыменишаратетіп,ОрханҒазиді қасына
отырғызды. Маңайында отырғандарға, оны өз орнына тағайындайтынын
білдірді. Ұлдарына, қолбасшыларына оған биғат етуін (бағынуын)
әмір етті. Артынша Орхан Ғазиге Осман империясының негізі болып
табылатын төмендегі мына өсиеттерді айтты:
Ұлым! Ең негізгі тілеуім Аллаһ әмірінен өзге іс істеме! Білмегеніңді
білетін жаннан сұрап алғын! Жете түсінбеген істі істеуден аулақ бол!
Жауынгерлеріңемолигілікжаса!Адамныңигіліктіңқұлыболатындығын
есіңнен шығарма!
Ұлым!
Дін істерін алға қой!
Өйткені бір парыздың орындалуын
қамтамасыз ету, дін мен мемлекеттің күшеюіне септігін тигізеді.
Сондықтан ғұламаларға үлкен құрмет көрсет! Сонда ғана дін істері
жандана түседі.
Пәленше деген жерде бір ғалым бар екен дегенді естісең, жылышырай
таныт!
Бірақ дінін нашар ұстанатындарды, айуандық өмірге бейім
жандарды, тәжірибесіз кісілерді мемлекет ісіне араластырма! Өйткені,