Previous Page  226 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

226

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Отыр. Тамақтанып ал! Өйткені сен түнімен аш және ұйқысыз

болдың, - деді. Кейін әйеліне: «Қанекей шық, кетейік», - деп дауыстады.

Ол жерден кетпестен алдын манағы кісіге қарап:

– Ертең кел. Мұқтаждықтарыңды өтейік, - деді.

Ертеңіне бәдәуи Омарға (р.а.) келді. Хазірет Омар (р.а.) оған

сыйлықтар тарту етіп, сый-құрмет көрсетті

(Ибн әл-Жаузи, Мәнақиб 95-96

бет)

.

Хазірет Омардың (р.а.) бұл игі ісінен өнеге алып, басшылық

жауапкершілігінің қай жерлерге дейін баратындығын жақсылап

ойлануымыз қажет.

***

Бір күні Ахнаф ибн Қайыс (р.а.) Ирак делагациясымен бірге Хазірет

Омарға (р.а.) келген еді. Күн өте ыстық болатын. Хазірет Омар (р.а.)

алжапқыш киіп алып, зекет түйелерінің бірін майлап, емін жасап жатыр

екен. Оларды көріп: «Ахнаф, үстіңдегі киіміңді шешіп маған жәрдем ет.

Өйткені бұл зекет түйесі. Бұл түйеде жетімдердің, жесірлердің және

пақырлардың ақысы бар. Келгендердің бірі: «Аллаһ саған мейірімділік

танытсын мүминдердің әміршісі! Құлдарыңның біріне әмір етсең,

солардың бірі істей салса болмай ма?» - деп сұрады.

Хазірет Омар (р.а.): «Ей, пәленше! Кім Омардан немесе Ахнафтан

жақсы құл бола алады? Омардың мұсылмандардың істерін атқаруды

мойнына алғаны рас. Олай болса ол мұсылмандардың құлы. Құлдың

қожайынына шын пейілді болуы, аманатқа қиянат етпеуі керек болса,

оның да мұсылмандарға осылай әрекет етуі ләзім», - деп жауап берді

(Әли әл-Муттақи V, 761/14307)

.

Хазірет Омардың, қашқан зекет түйесінің соңынан жүгіріп, оны ұстау

үшін еңбектенгені де деректерде кездеседі.

***

Құрайыш руының бір кісісі Хазірет Омармен (р.а.) кездескен

сәтінде:

– Бізге жұмсақтық таныт! Сенің айбатыңнан жүрегіміз шайлығады, -

дейді. Хазірет Омар (р.а.):

– Менің осындай әрекетімде, қандай да бір зұлымдық байқала ма? -

деп сұрайды. Құрайыштық:

– Жоқ! - деп жауап береді. Хазірет Омар (р.а.):

– (Олай болса) Аллаһ Тағала сендердің жүректеріңе байсалдылығым

мен айбатымды арттырсын, - дейді

(Ибнул-Жаузи, Мәнақиб 153-бет)

.

Халифа Омар (р.а.) басшыларға мынадай өсиет айтады: