Previous Page  221 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 221 / 462 Next Page
Page Background

(

221

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Басшы, әрдайым құлшылығын мүлтіксіз жасауы тиіс. Елге есігін

айқара ашып, өзімен кездесуді жеңілдеткені жөн. Ал мұқтаждар мен

зұлымдыққа ұшырағандарға есігін жапса, өзі мұқтаж күйге түсетін

қиямет күнінде оған мейірім есіктері жабылады. Міне осындай басшы

Аллаһ Тағаланың күллі махлұқатты мейіріміне бөлеген мейірімінен

мақұрым қалады.

Бұл ақиқат жайлы төмендегі хадис-шәріптерде былай делінген:

«Мемлекет басшысы мұқтаждарға, пақырларға есігін жапса, Аллаһ

Тағала жеті қат көктің есігін, оның мұқтаждығы мен қалауына жауып

тастайды»

(Тирмизи, Ахкам 6/1332)

.

«Аллаһ Тағала біреуді мұсылмандардың билеушісі етіп тағайындап,

ол халқының істерінің жүруіне, мұқтаждықтарының өтелуіне кедерге

болса, Аллаһ Тағала оның істерінің жүруіне, мұқтаждықтарының

өтелуіне кедергі болады»

(Әбу Дәуіт, Хараж, 12-13/2948)

.

Бұл дүние, тек пәни ләззат атаулыны татып, нәпсінің айдауына еру

үшін жаратылмаған. Керісінше ақырет азығын жинау, игі істер істеу,

сауабы үзілмейтін садақа-жария қалдыру үшін берілген мерзім болып

табылады. Ұлы әулиелер: «О дүниенің бақыты үшін, қаншама машақатқа

түссең, соңында машақат бітіп, бақытқа қол жеткізесің. Ал пәни ләззат

үшін күнә істесең, соңында ләззаты кетіп, қайғысы мен жазасы қалады»,

- дейді.

Бұл өсиеттің қадірін тек басшылар ғана емес, әрбір мұсылман баласы

түйсінуі қажет. Басшы басшылығын өз пайдасына жаратпауы тиіс.

Халықтың мұқтаждығын өтеумен айналысып, сауап алу үшін күш салуы

керек.

Кез келген басшы мақтанудан аулақ болуы ләзім. Ұлы тұлғалар:

«Мақтану, кісіні ақыреттен ұзақтатады», - дейді.

Адам баласы, дүниеге келместен бұрын кім еді? Өлгеннен кейін халі

не болмақ? Мұны жете ойланып, әрдайым өлімді жадынан шығармауы

керек. Бақилық болған нәсілдің халінен өнеге алуы қажет. Осы дүниенің

мәңгілік мекен емес екендігін жадынан шығармауы қажет. Әрі бұл

дүниенің емтихан мекені екендігін біліп жүруі тиіс.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«(Бұл) дүние тәтті. Әрі көрінісі әдемі. Күмәнсіз,

Аллаһдүниеніңбилігінсендергеберіп,қандайәрекетжасайтындықтарыңа,

қандай істер істейтіндіктеріңе назар салады. Олай болса, дүниеден

сақтаныңдар»

, - дейді.

(Мүслим, Зікір 99)

.

Басшы, уақытын тиімді пайдалануы керек. Пайдалы істермен

шұғылдануы ләзім. Оған ең қажетті қасиеттер: орынды сөз сөйлеу,

тақуалық, қанағат және әділет болып табылады. Қолынан келгенше,