¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
218
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
михрапта ілініп тұрғанын көрдік. Сол күні кез келген пақырды көрсем,
оны күттірмей, дереу мұқтаждығын өтеймін деп ант берген едім».
119
Хақ Тағала бағзы құпия сырларын сүйген құлдарына әр түрлі пішінде
көрсетуі әбден мүмкін. Бұл уақиғалардың хикметі, құлдарының ішкі жан
дүниелеріне қатты әсер етіп, бағыттарын түзеу болып табылады. Бірақ
мұндай уақиғаларжалпыкөпшілік үшін өлшемнемесе үкім қамтымайды.
Олар аса тақуа жандарға тән, иләһи ескерту.
***
Қысқасы жақсылық, игілік жасауда жарысу, күндері санаулы дүниені
ең пайдалы түрде өткізу болып табылары сөзсіз. Негізінде салих амалдар
істеген әрі жақсылық жасаған кісі, тек өз пайдасы үшін еңбектенеді.
120
Хақ тағала былай дейді:
«Кімде-кім тозаңның түйіріндей жақсылық жасаса, қайтарымын
көреді
(яғни сауабын алады)
»
(Зілзала сүресі, 7-аят)
.
«Сендер қандай да бір жақсылық жасасаңдар, күмәнсіз Аллаһ оны
біледі»
(Бақара сүресі, 273-аят)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Өмірді тек «бир» (яғни барша жақсылық, игілік) ұзатады. Тағдырды
да тек дұға өзгертеді. Кісі істеген күнәсі үшін ырыздығынан мақұрым
қалады»
(Ибн Мәжә, Муқаддима 10)
.
Амал дәптерін игіліктерге толтырып, жәннатта биік дәрежелерге
қол жеткізгісі келген мүмин асығуы әрі уақытын тиімді пайдалануы
қажет. Қолынан келген барша жақсылықты жасауға тырысуы керек.
Алайда жақсылық, игілікте жарысқанда асығып, салих амалдарды кем
әрі кемшілік атаулыдан аулақ ұстауы тиіс. Бұл жайлы әйгілі ғұлама Әли
әл-Қари былай дейді:
«Аллаһтың әмірлері болып табылатын құлшылықтарды жасауға
асығу мен оларды жүзеге асырғанда асығудың арасында үлкен парық
бар. Бұлардың біріншісі мақталып, ал екіншісі жамандалған.
Яғни құлшылық және жақсылық жасауды дәл уақытында жүзеге
асыру үшін асығу керек. Бірақ бұларды іске асырғанда тез бітіруге
тырысу дұрыс емес. Өйткені Аллаһ істелген істің дұрыс әрі берік болуын
сүйеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, кез келген мүмин
соңғы аялдамасы жәннат болғанға дейін жақсылық, игілік жасауға
119. Дарир Мустафа Ефенди, Юз хадис юз хикаие, дайындаған Селахаттин Йылдырым
Неждет Йылмаз, Станбул 2001, 151-бет.
120. Жасия сүресі, 15-аят.