Previous Page  215 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 462 Next Page
Page Background

(

215

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

секілді сауап алады» - деді

(Әбу Дәуіт, Әдеп 114-115/5129)

.

***

Аллаһтың Елшісіне (с.а.у.) бір кісі келіп: «Ей, Аллаһтың Елшісі!

Қайсы садақаның сауабы көбірек?» деп сұрады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Күшің, қуатың тасып тұрғаныңда,

денсаулығың мықты, пақырлықтан қорқып, сараңдыққа бет алған әрі

бай болуды армандаған шағыңда берген садақаның сауабы көбірек.

Жаның мұрныңның ұшына келгенде: Пәленшеге мұнша, анаған сонша

деп айтуға келтірме. Өйткені ол мирасқорлардың анаусына, мынаусына

мирас болып қалған», - деп жауап берді

(Бұхари, Зекет 11; Мүслим, Зекет 92)

.

***

Хақ Тағаланың шексіз рақымдылығының бірі, құлдарына жақсылық

жасау жолдарын жеңілдетуі болып табылады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мұны

хадис-шәріптерде былай деп тілге тиек етеді:

«Адамдардың әрбір буыны үшін күніге садақа берулері қажет. Екі

кісінің арасында әділеттілікпен үкім етуің садақа. Көлігіне мінейін деп

жатқанға жәрдемдесуің немесе жүгін көлігіне жүктеп беруің садақа.

Жақсы сөз (сөйлеу) садақа. Намаз оқу үшін мешітке барғанда жасаған

әрбір қадамың садақа. Өтіп жатқандардың мазасын алатын нәрселерді

жолдан алып тастуың садақа»

(Бұхари, Сулх 11, Жиһад 72, 128; Мүслим, Зекет

56)

.

«Мұсылман кісі бір тал егіп, одан адам, хайуан немесе құс жесе, әлгі

желінген жеміс, қиямет күніне дейін ол мұсылман үшін садақа болады»

(Мүслим, Мұсақат, 10)

.

***

Жақсылық жасау мен сауап алуға асығу керектігін көрсететін мына

мысал нендей ғибратқа толы.

Жабир (р.а.) былай деп әңгімелейді.

Ұхуд соғысында бірі кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: «Егер

қаза тапсам, қайда боламын», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Жәннатта», - деп жауап берді. Мұны естіген әлгі кісі қолында жеп

отырған құрмаларын лақтырып жіберіп, шайқасқа кіріп кетті. Шәһид

болғанға дейін соғысты

(Бұхари, Мағази 17; Мүслим, Имара 143; Нәсай, Жиһад

31)

.

***

Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) Хайбар соғысында: «Мына туды, Аллаһты

және оның Елшісін сүйетін, әрі Аллаһ та оның Елшісі де оны сүйетін,

Хақ Тағаланың (мына қамалды) бағындыруды нәсіп ететін бір жігітке