Previous Page  212 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 212 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

212

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сұранатын. Осылайша олардың көңілін аулап, өзінің рухани бұлағынан

сусындауына толықтай ерік беретін. Үйреткісі келген білім, ахлақ

және ізгіліктерді түгелдей меңгерулеріне мүмкіндік беруді сүйетін.

Сахабалардың тәлім-тәрбиесін өзі жүргізе отырып әрі келешек нәсілді

қалай тәрбиелеу керектігі жайында оларға жол сілтеп отыратын.

Егер адамзат баласы білім, ахлақ және ізгілік жолында алға баспай,

керіге шегінер болса, ат үсті қарап баса назар аудармаса онда Аллаһтың

мейірімділігі мен игілігінен құр қалары хақ. Мұндай бақытсыздыққа

тап болған адам баласы қай жағынан болмасын керіде қалатындығына

күмән жоқ.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Зікір кезінде Хұтпа айтылып тұрғанда дайын болыңдар. Имамға

жақын отырыңдар. Өйткені кісі, алыстай алыстай, жәннатқа кірсе де

керіде қалады»

(Әбу Дәуіт, Салат 232/1108)

.

Әрбір жан жақсылық, игілік жасаудан ұзақ қалса, жәннатқа кірген

күннің өзінде аз сауапқа ие болғандықтан, төменгі дәрежелерден орын

алады. Ал ақиқатына жүгінсек қиямет күні аз ғана сауаптың өзіне мұқтаж

боларымыз даусыз.

Әнәстің (р.а.) нақыл еткен мына бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз

(с.а.у.) былай деген:

«Қиямет күні адамдар сап түзейді. (Басқа бір риуаятта

жәннаттықтар сап түзейді) Дәл сол шақта тозақтық бір кісі

жәнннаттықтың біріне тап болып: «Ей, пәленше! Сен менен су

сұрағаныңда, мен саған бір жұтым су берген едім ғой. Есіңе түсті ме?»

- дейді. (Осылайша одан шапағат етуін сұранады) Мүмин оған шапағат

етеді.

(Тозақтық жан жәннаттықтың қасына келіп): «Есіңде ме? Мен

саған бір дәреттік су бергенім, - дейді. (Осылайша одан шапағат етуін

сұранады) (Ол оның жақсылығын есіне түсіріп) оған шапағат етеді.

Тозақтықтардың бірі, жәннаттықтардың біріне келіп: «Ей, пәленше!

Мені мынадай бір іске жіберген күн есіңде ме? Мен сол күні сен үшін барған

едім»,дейді. Жәннаттық оған шапағат етеді»

(Ибн Мәжә, Әдеп 8)

.

Өзге салих амалдар мен жоғарыда аталған ізгі істер салыстырылар

болса, үлкен-кіші демей жақсылық атаулыда жарысқа түсуіміз керектігі

тайға таңба басқандай айқын емес пе! Өйткені ақыретте әрбір жан

жасаған жақсылығы немесе жамандығының жемісін көрмек. Мына

хадис-шәріпте жан түршіктіретін қиямет былай деп суреттеледі:

«Аллаһ Тағала сендердің әрбіріңмен аудармашысыз жеке сөйлеседі. Кісі

оң жағына қарайды ақыретке жібергендерінен өзге еш нәрсе көрмейді. Сол