Previous Page  207 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 207 / 462 Next Page
Page Background

(

207

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жақсылықтың сауабы міндетті түрде оған жетеді»

(Құртуби X, 267)

.

Халық арасында бақилық болғандарға атап айтсақ «Ясин» сүресін

оқу кеңінен тараған.

Бұл жайлы бір хадис-шәріпте былай делінген:

«Ясин, Құранның жүрегі. Кімде-кім оны Аллаһ разылығы үшін, әрі

ақыретті ойлап оқыса, міндетті түрде күнәлары кешіріледі. Бақилық

болғандарыңызға «Ясин» сүресін оқыңыздар!»

(Ахмет V, 26)

.

Көз жұмған жандар үшін «Ясин» ғана емес, өзге де Құран Кәрім

сүрелерін, аяттарын оқуға болады. Бұған қатысты риуаяттарға

(деректерге) көз жүгіртіп көрейік:

«Араларыңнан біреу көз жұмса, оныкөп күттірмей қабірге жерлеңдер!

Жерлегенде араларыңнан біреу шығып, бас жағына отырып, Фатиха

сүресін оқысын. Кейін аяқ жағына отырып Бақара сүресінің соңғы аятын

оқысын!»

(Табарани, Кабир XII, 340; Дайлами I, 284; Хайсами III, 44)

.

Ағла ибн әл-Ләжләж, сахабалардың бірі болған әкесінің, қайтыс

болардан алдын мынадай өсиет қалдырғандығын тілге тиек етеді:

«Мен қабірге қойғанда:

«Аллаһтың атымен,

Аллаһ Елшісінің сүннеті бойынша», деп жерлеңдер! Бас жағыма отырып,

Бақара сүресінің алғашқы аяттарын және соңғы бөлігін оқыңдар!

Шүбәсіз, Абдұлла ибн Омардың мұныжөн көргендігіне куә болған едім»

(Бәйһақи, әс-Сунанул-Кубра IV, 56)

.

Әйгілі сахаба Амр ибн Ас (р.а.) көз жұмардан алдын, мынадай өсиет

қалдырады:

«Мені қабірге жерлегенде, бір түйені сойып, жіліктейтіндеймөлшерде

күтіп тұрыңдар! Сендер сол жерде тұрғанда, жаңа өмірге аяқ басып,

Раббымның елшілеріне айтар жауабымды әзірлейін!»

(Мүслим, Иман 192)

.

Осы риуаятты кітабында атап өткен имам Нәуәуи, имамШафиғидің:

«Қабірдің басында Құран Кәрімнен аяттар мен сүрелер оқу мустахаб.

Ал Құран Кәрімді хатым ету, одан абзалырақ», - деп пәтуа бергендігіне

тоқталады.

117

Міне, осы риуаяттардың баршасы қабірлерді зиярат етуге

болатындығын көрсетеді. Сонымен қатар сәлем беруге, истиғфар

етуге, олардың атынан игілік жасауға болатындығын меңзейді. Аллаһ

Тағала Құран Кәрімде бақилық болған бауырларымызға былай деп дұға

жасауымызды насихат етеді.

«Олар: Уа, Раббымыз! Біздің және бізден бұрын

(ғұмыр кешіп)

иман келтірген бауырларымыздың

(күнәларын)

кешір! Сондай-ақ

117. Нәуәуи, Риязус Салихин, Бейрут 293-бет.