(
213
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жағына қарайды ақыретке жібергендерінен өзге еш нәрсе көрмейді. Олай
болса, ең аз дегенде құрманың жартысымен болса да, өздеріңді тозақтан
қорғаңдар. Мұны да таппаған, жақсы сөз сөйлеп (өзгенің көңілін аулап),
өзін сонымен қорғасын»
(Бұхари, Зекет 10, Риқақ 31, Таухид 36; Мүслим, Зекет 97)
.
Әбу Зар (р.а.) былай дейді:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) маған қарап:
«Дін бауырыңды күлімсіреп
қарсы алудың өзін кішкене іс деп есептеме»
, - деді
(Мүслим, Бирр 144; Әбу
Дәуіт, Либас 24; Тирмизи, Атғима 30)
.
Емтихан әлемі болған бұл дүниеде, жасаған жақсылықтың, игіліктің
жемісін көретін о дүние үшін дайындалып, қолдан келген барша
жақсылықты жасауымыз керек әрі күллі игілікке кілт болып, барша
жамандыққа құлып болуымыз қажет.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Адамдардың ішінде жақсылыққа кілт, ал жамандыққа құлып
болатындары бар. Сонымен қатар керісінше жамандыққа кілт,
жақсылыққа құлып болатындары да бар. Аллаһ Тағаланың қолдарына
жақсылық кілттерін берген жандар нендей бақытты! Ал Хақ Тағаланың
қолдарына жамандық кілттерін берген жандар нендей бақытсыз!»
(Ибн
Мәжә, Мұқаддима 19)
.
Мына нәрсені де ұмытпалық, ұлы Раббымыз болмашы жақсылыққа
мол сауап береді. Хақ Тағаланың құлдарына деген бұл игілігі Құран
Кәрімде былай деп айтылады.
«Өздерің үшін алдын-ала қандай да бір жақсылық жасасаңдар, оны
Аллаһтың құзырында жақсы әрі зор сый ретінде көресіңдер»
(Мүзаммил
сүресі, 20-аят)
.
«Кімде-кім жақсылық жасаса, оған оның қайтарымы он есе
беріледі»
(Әнғам сүресі, 160-аят)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл аяттарға түсініктеме ретінде, былай деген:
«Аллаһ Тағала жақсылықтар мен жамандықтарды жазды. Кейін олардың
жақсы және жаман болуын былай деп түсіндірді:
«Кімде-кім жақсылық жасауға ниеттеніп, оны жүзеге асыра алмаса
Хақ Тағала оны толықтай жасалған жақсылық ретінде тіркейді.
Ал егер кімде-кім жақсылық жасауға ниеттеніп, оны жүзеге асырса
Хақ Тағала оның қайтарымын он еседен жеті жүз есеге дейін, тіпті одан
да көп етіп жазады.
Кімде-кім жамандық жасауға ниеттеніп, оны жүзеге асырудан
бас тартса Аллаһ Тағала оны толықтай жасалған жақсылық ретінде
тіркейді.