(
211
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
басып қалады. Ол кезде кісі мүмин болып таңды атырады, кәпір болып
кешті батырады. Мүмин болып кешті батырып, кәпір болып таңды
атырады. Дінін болмашы дүниеге сатып жібереді»
(Мүслим, Иман 186;
Тирмизи, Фитан 30, Зүһд 3; ибн Мәжә, Иқама 78)
.
Басқа хадис-шәріптерде мынадай ескертулер айтылған:
«Жеті нәрсе келместен алдын игі істер жасауға асығыңдар:
(Құлшылық пен мойынсұнуды) ұмыттыратын кедейлікті,
1.
Шектен шығаратын байлықты,
2.
(Кез келген) нәрсені бұзып, бейшара күйге түсірген сырқатты,
3.
Ауызға келгенді айтқызатын кәрілікті,
4.
Күтпеген жерден келетін өлімді,
5.
Келуі күтілген нәрселердің ең жаманы Дажжалды
6.
Қияметтен басқа нәрсені күтіп жүргендеріңді ойлап жүрсіңдер
7.
ме? Қиямет, оның қиыншылығы сондай қорқынышты әрі жанға қатты
батады»
(Тирмизи, Зүһд 3/2306)
.
Ұлы Раббымыз Хашыр сүресінде былай дейді:
«Уа, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар. Әрбір жан ертеңі
үшін не дайындағынына назар салсын. Аллаһтан қорқыңдар. Шүбәсіз
Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. Аллаһты ұмытқан әрі Аллаһ
оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар! Міне солар
нағыз пасықтар»
(Хашыр сүресі, 18-19 аяттар)
.
Шынында адам баласы, шын пейілімен Аллаһтан қорқып әрі
бұл дүниенің ертеңі ақырет өмірі үшін не дайындағанына көз салуы
тиіс. Бүгінгі пәни дүниедегі дайындығы мен ертеңгі мәңгі өмірдегі
дайындығын саналы ақылымен салыстыруы тиіс. Әрі Аллаһ әрбір іс-
әрекетін біліп тұратындығын ұмытпауы қажет. Мұның барлығын ой
елегінен өткізіп, сілкініп үлкен белсенділікпен жақсылық жасаудың
жарысына түсуі керек.
Қайырлы істерде әрдайым алда болудың маңыздылығын көрсететін
мына риуаяттарға назар салып көрсек:
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабалырының арт жақта сап түзеп
жатқандығын көріп:
«Алға қарай келіп, маған еріңдер. Сендерден
кейінгілер де сендердің соңдарынан ерсін. Қандай да бір қоғам әрдайым
кері тұрар болса, Аллаһ та соңына қалдырып қояды»
, - деді
(Мүслим, Салат
130; Әбу Дәуіт, Салат 97/680)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқытар кезде және сұқбат жасар
уақытта сахабаларын алға қарай шақыратын. Өзіне жақындауларын