Previous Page  217 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 217 / 462 Next Page
Page Background

(

217

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Ей, әйел! Жақсылап түсініп ал. Әрі сені жіберіп отырған әйелдерге

де жақсылап түсіндір. Кез келген әйелдің күйеуімен жақсы мәміледе

болып, разылылығына қол жеткізуі сауап тұрғысынан манағы сен санап

шыққан ізгі істермен тең», - деді.

118

***

Жақсылық жасауда жарысқа түскен әйел сахабалардың бірі Умму

Риғла әл-Құшайри еді. Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.у.) келді.

«Ассаламуғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу» деп сәлемін

бергеннен кейін асқан сыпайылықпен сөз бастады. Әйелдердің перде

артында, бөлмеде қалып қоятындықтарын, күйеулеріне қызмет ету,

бала бағу, бесік тербету тәрізді үй істерімен шұғылданатындықтарын

тілге тиек етті. Кейін: «Біз жорыққа шығып, орасан зор сауаптар алуға

мүмкіндігіміз жоқ. Сіз бізге Аллаһқа жақындататын нәрсе үйретіңіз»,

- деп сұранды. Аллаһ Елшісі оған: Күні-түні Аллаһты зікір етіңдер.

Көздеріңді бөгде еркекке қараудан сақтаңдар. Әрі оларға дауыстарыңды

естіртуден сақ болыңдар», - деді.

***

Хадис ғаламы ибн Аун былай дейді:

«Үш нәрсе бар. Мен олардың өз бойымда әрі дін бауырларымның

бойында болуын қалаймын. Олар:

1. Сүннетті үйреніп, оны мүлтіксіз жүзеге асыру

2. Құранды түсініп, терең ойланып зерттеу

3. Адамдардың әрдайым жақсылық, игілікте болуын қалау. Жақсы

мәміле жасау немесе адамдарды тек жақсылыққа шақыру.

***

Бір дәруіш Хазірет Хасан Басридан бір нәрсе сұраған еді. Ол дереу

орнынан тұрып, үстіндегі көйлегін шешіп оған берді. Маңайындағылар:

«Ей, Хасан, үйіңе барып, сол жерден бір нәрселер бермедің бе?» - деп

сұрады. Хасан Басри былай деп жауап берді.

«Бір күні мешітке пақыр кісі келген еді. «Қарным аш», - деді. Біз оны

ұмытып, дереу ас әкелмедік. Оны мешітте қалдырып, үйімізге тарап

кетістік. Таң намазға келгенімізде қарасақ әлгі бишара өліп қалыпты.

Кебінге орап, көмдік.

Ертесікүнітаңертеңкереметретінде,әлгіпақырдыорағанкебініміздің,

үстінде «Кебіндеріңді алыңдар. Аллаһ қабыл етпеді» дегенжазулы күйде,

118. Ибн Асакир, Тариху Димашқ, Бейрут 1995, VІІ, 363-364, ХХІХ, 65-67; Бәйхақи, Шуғаб

VІ, 421; ибн Әсир, Усдул Ғаба VІІ, 19.