Previous Page  222 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 222 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

222

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ішкі жан сарайын рухани тұрғыдан жақсы қасиеттерге баулуы тиіс. Қол

астындағы халқына әрдайым жақсылық жасауды үндеуі қажет. Өйткені,

халық билеушіге қарай бағыт алады. Хазірет Омар (р.а.): «Басшылар

тура болса, адамдар да тура болады», - деді.

122

Басшы қызметтегілер, тән мен жан рақатына бөлену үшін мөлшерден

тыс ұйықтауға бой алдырмауы қажет. Түндерін құлшылық және ойға

шомумен өткізуі керек. Өйткені түнде көп ұйықтаудан еріншектік туады.

Ал еріншектіктің залалы қиямет-қайымда байқалады. Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) бұл жайлы былай дейді:

«Дәуіттің (а.с.) әйелі, ұлы Сүлейменге (а.с.) қарап: «Балам! Түнде көп

ұйықтама! Өтйкені көп ұйқы, кісіні қиямет күні пақыр етеді»

, - деп өсиет

айтқан еді»

(Ибн Мәжә, Иқаматус-салаһ 174)

.

Басшы, өзініңжауапкершілінекіретіннашартұратынпақыркісілердің

хал-жағдайынан хабардар болуы тиіс. Олар жайлы сұрастырып тұруды

өз міндетіне айналдыруы қажет. Өйткені халықтың көңілін табу, Аллаһ

Тағаланың разылығына қол жеткізуге себепкер болады. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) сапар шеккенде сахабаларының соңынан жүріп отыратын.

Керіде қалып кеткендерге қол ұшын беретін. Оларды өзінің көлігіне

мінгестіретін. Оларға дұға ететін

(Әбу Дәуіт, Жиһад, 94/2639)

.

Ал Хазірет Омар (р.а.) Мәдинаның көшелерін аралап жүретін. Қала

сыртына да шығып, ел жағдайын бақылайтын. Тіпті қалаларға сапар

шегіп, халықтың жағдайын сұрастыратын. Мұқтаждықтары шығып

жатса, өтеуге күш салатын.

Жүсіп Хас Хажиб, XI ғасырда Қарахан мемлекетінің билеушісіне

ұсынған «Құтадғу Білік» атты туындысында ел бастап жүргендерге

мынадай өсиеттер айтады:

«Мемлекетте біреу бір түн аш түнесе, оның есебін Аллаһ Тағала сенен

сұрайды. Көзіңді аш!»

«Уа, билеуші! Сен қазіргі таңда дәрігерге ұқсайсың. Ал халқың саған

мұқтаж сырқат. Халқыңның ішінен бәз біреулер қиыншылыққа тап

болған бақытсыз жандар. Ал кейбіреулер пақырлықтың зардабын тартып

жүр. Бағзылары аш. Бағзылары жалаңаш. Ал біреулер тіпті қайғының

жетегінде жүр. Осылардың дауасы сенің қолыңда! Сен олардың дәрігері

бол! Дәрі бер! Емде! Егер сен бұларды емдемесең, халықтың обалы сенің

мойныңда қалады!».

«Мемлекетті ұстап тұрар нәрсе мұқияттылық пен сақтық. Дүние

қалайтын болсаң, оған осы екеуі арқылы жетесің».

122. Ибн Жәузи, Мәнақибу әмирил муминин Умар бин әл-Хаттаб, Али Мухаммед Омар,

Кайр 1997, 223-бет.