¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
220
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
басқа шыраймен қарап жүреді»
, - дейді
(Бұхари, Мәнақиб 1; Мүслим, Фадайлус-
сахаба 199)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Убада ибн Самитті (р.а.) салық пен зекетті
жинау қызметіне тағайындады. Артынша оған қарап:
«Аллаһтан қорық!
Өте сақ бол! Аллаһтан қорық! Қиямет күні Аллаһтың құзырына бақырған
түйені, яки мөңіреген сиырды, немесе маңырағын қойды немесе ешкіні
(арқаңа) салып келме!»
- деді.
Убада (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Жағдай шынымен-ақ солай бола
ма?» - деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә! Жанымды қолында ұстап тұрған
Аллаһқа ант етейін! Жағдай осылай болады. Бұдан Аллаһтың мейіріміне
бөленген кісі ғана құтылады», - деп жауап берді.
Мұны естіген Убада ибн Самит (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.): «Сені
жіберген Аллаһқа ант етейін! Өмірімде екі кісіге басшы болмаймын», -
деді
(Әли әл-Муттақи VI, 569/16965)
.
Хазірет Омар (р.а.): «Басшы болмастан алдын, діни білімдерді
үйреніңіз!»,-деген екен. Бұл сөзге Суфиян ибн Ғұйайна: «Өйткені, кімде-
кім діни білімдерді жете түсінсе, басшылыққа деген құмарлығы өледі»,
- деген түсініктеме береді.
121
Яғни, басшылықты талап етпеу қажет. Талап етілген (сұранысқа ие)
жан болу керек. Алайда өзінен өзге лайық кісі болмаса, басшылықты
қолына алуы тиіс. Әрдайым Аллаһтан қорқуы ләзім. Өйткені мол
сауапқа қол жеткізу мүмкіндігімен қатар, Аллаһ Тағаланың құзырында
ауыр есеп беруі ықтимал.
Қол астында алуан түрлі адамдары бар басшы, Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
тәрізді бай-кедей деп бөліп жармастан, әрбір жанның мәселесімен
шұғылдануы ләзім. Дертіне дауа болуға күш салу керек. Мейірімділік,
рақымдылық іспетті жағымды қасиеттер арқылы қол астындағыларға
деген ықыласы ерекше болуы қажет.
Басшылық, кешірімшіл болуды қажет етеді. Әрбір мәселеге
түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер басшы басшылығын әділ
жүргізе алмаса, қол астындағы жандарға қарайласпаса Хақ Тағаланың
құзырында ауыр есеп береді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Уа, Аллаһым!
Үмбетімнің басшылығын өз мойнына алып, қиындық тудырғанға Сен де
қиындық тудыр! Үмбетімнің басшылығын өз мойнына алып, жұмсақтық
танытқанға, Сен де жұмсақтық таныт!»
- деп дұға еткен болатын
(Мүслим, Имара 19; Ахмед VI, 93, 258)
.
121. Ибн Жәузи, Сифатус Сафуа, Бейрут 1979, ІІ, 236.