Previous Page  225 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 225 / 462 Next Page
Page Background

(

225

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Кісі: «Шөлден келген біреумін. Мүминдердің әміршісімен көрісу

үшін келдім. Біраз көмек және сыйлық сұраймын», - деп жауап берді.

Екеуінің арасында мынадай диалог жүріп өтті:

– Шатырдың ішінен шығып жатқан дауыс не?

– Аллаһ саған мейірімділік танытсын! Кете бер ісіңе!

– Жоқ. Ол мен үшін өте маңызды. Не дауыс мынау?

– Босанайын деп жатқан әйелдің дауысы.

– Қасында көмек берер біреу бар ма?

– Жоқ.

Мұны естігенХазіретОмар дереу тездетіп үйіне келді. ХазіретӘлидің

(р.а.) қызы әйелі Умму Гүлсімге қарап:

– Аллаһ Тағала үлкен сауапты аяғыңның астына әкеліп тұр. Алғың

келе ме? - деп сұрады. Умму Гүлсім (р.а.):

– Қандай сауап? - деп сұрады. Омар:

– Бишара бір қатын жалғыз өзі босанып жатыр, - деді. Әйелі:

– Жарайды. Жәрдем етейін, - деді. Хазірет Омар:

– Олай болса әйел үшін керекті мата, май тәрізді заттарды жаныңа ал.

Маған тамақ істейтін май мен ұн бер, - деді.

Әзірленген заттарды иығына салып алған Омар әйеліне:

– Ал қанекей кеттік, - деді. Шатырдың қасына келгенде:

– Әйелдің жанына бар, - деді. Өзі шатырдың сыртында отырған

адамның қасына барды. От жағып, қазанды үстіне қойды. Отты үрлей

бастады. Түтін сақалының арасынан шығып жатты. Хазірет Омардың

әзірлеген асы піскен сәтте, бала да дүниеге келді. Шырылдап жылаған

баланың дауысы маңайды шарлап кетті. Умму Гүлсім (р.а.):

– Уа, мүминдердің әміршісі! Жолдасыңа барып, ұлды болғанын

сүйіншіле,-деді.

Әлгі бәдәуи «мүминдердің әміршісі» деген сөзді естіген сәтте жүрегі

шайлығып, Хазірет Омардың айбатынан қорқып тайсақтай бастады.

Хазірет Омар (р.а.):

– Тұрған орныңнан тырп етпе, - деп қазанды түсіріп, шатырдың

есігінің алдына қойды. Әйелі Умму Гүлсімге:

– Әйелді тамақтандыр, - деді. Умму Гүлсім (р.а.) әйелді тойдырып,

қазанды тысқа шығарып, қайтадан есіктің алдына қойды. Хазірет Омар

орнынан тұрып, қазанды көтеріп әкеліп кісінің алдына қойды.