(
227
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Адамдарға билік тек:
- Босаңсуға жол бермейтін жұмсақтық,
- Зұлымдыққа, зорбалыққа негіз болмайтын қаталдық арқылы ғана
жүреді».
***
Сағит ибн Язид Хазірет Омардың (р.а.) билік басындағы үлкен
жауапкершілігін былай деп жеткізеді:
Аштық жылында Хазірет Омардың (р.а.) үстінде бір киім көрдім. Он
жеті жерден жамау салынған еді. «Аллаһым! Мұхаммед үмбетін менің
себебімнен жоқ етпе», - деп дұға ететін
(Ибн Сағд III, 320)
.
Хазірет Омар (р.а.) соңғы қажылығын өтегеннен кейін Абтахта майда
тастарды жинап, төбешік етті. Киімінің бір жағын төбешікке жайып
жастанды. Қолдарын аспанға көтеріп: «Аллаһым! Жасым ұлғайды.
Қуатым азайды. Соңыма ерген халық дүниенің төрт бұрышынажайылды.
Саған қарсы әрекет жасамастан, ғапылдыққа түспестен, мені өзіңе ал», -
деп дұға еткен болатын
(Муатта, Худуд 10; Хаким III, 98/4513)
.
***
Бір сауда керуені Мәдинаға жақын жерде орналасқан «мусаллаға»
(намаз оқылатын жер) келіп түсті. Хазірет Омар (р.а.) сауда керуеніндегі
шетжерден келген адамдарға қандай да бір зиян тиеме деп ойлап тынышы
(мазасы) кетті. Абдуррахман ибн Ауфқа барып: «Қолың бос болса, мына
керуенді түнімен күзетіп шығайық»,-деді. Абдуррахман бұл ұсынысқа
келісе кетті. Сонымен екеуі керуенді түні бойы күзетіп шықты. Екеуі
қалағанынша нәпіл намаз оқып шықты.
Түннің бір уағында Хазірет Омар (р.а.) жылаған баланың дауысын
есітті. Дауысшыққанжаққа барып, баланыңшешесіне: «Аллаһтан қорық!
Балаңа жақсылап қара!» - деді. Біраз уақыт өткеннен кейін бала қайтадан
жылады. Тағыда анасына барып, қайтып сол сөздерді қайталады. Түннің
соңғы бөлігінде бала қайтадан жылады. Хазірет Омар баланың анасына
келіп: «Ей, сен өзі қандай анасың? Балаңа не болды? Түнімен тыныш
таппады ғой», - деп кейіді.
Хазірет Омарды танымаған әйел: «Ей, Аллаһтың құлы! Түні бойы
мені мезі еттің.Мен баламдыемшектеншығарыпжүрмін. Ал ол емшектен
шыққысы келмей жүр», - деді.
Омар (р.а.): «Неге емшектен шығарайын деп жүрсің?» - деп сұрады.
Әйел: «Өйткені Халифа Омар тек сүттен шыққан балаларға ғана
жәрдемақы береді екен», - деп жауап берді. Бұл жауапты естіген Омар
(р.а.) төбесінен мұздай су құйылғандай болды. Баланың қанша айлық