Previous Page  232 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 232 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

232

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хақ Тағаладан қорықпаған кісі, күллі жаратылысқа мейірімділік

көрсетпейді.

Зұлымдық пен бидғаттан аулақ бол! Өйткені олар түбіңе жетеді.

Біздің мақсатымыздың Аллаһ жолында күресу, оның дінін жаю

екендігін жадыңнан шығарма!

Біздің мұратымыз, бос талас яки жиһангерлік емес, Аллаһтың

дінін ұлықтау болып табылады. Аллаһ жолында жан-тәніңмен, дүние-

мүлкіңмен қызмет етіп рухымды қуанышқа бөле!

Ұлым! Менің әулетімнен кімде-кім тура жолдан тайып, әділетсіздік

жасаса махшар күні Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шапағатынан мақұрым

қалсын!

Ұлым! Аллаһ разылығы үшін мемлекет қызметтеріне өмірін арнаған

адал адамдарыңа әрдайым опалы бол! Оларды қорға! Қайтыс болып

кеткен күннің өзінде жанұяларына қамқоршы бол!

Мемлекетке рухани тұрғыдан күш беретін игі ғалымдарға құрмет

көрсет! Игілік жаса! Басқа өлкеде бір ғұламаның яки бір әулиенің бар

екендігін естісең, оны сыпайылықпен еліңе шақыр! Дін және мемлекет

істері солардың берекеттері арқылы дұрыс бағытын табады.

Ешқашан әскеріңнің көптігіне және байлығыңның молдығына

алданба! Менің мына кейпімнен үлгі ал! Осы күнде дәрменсіз құмырсқа

секілдімін. Еш лайық болмасам да, Хақ Тағаланың көптеген игілігіне қол

жеткіздім.

Сен де менің жолымды ұстан! Аллаһтың және оның құлдарының

ақысын толығымен өтеп жүргін! Бәйтулмалдан алатын ақыңа қанағат

ет! Мемлекеттің зәру істеріне ғана қаражат жұмса! Ысырапшылдыққа

жол берме! Сенің ізіңді басар (жалғастырар) нәсіл, сенен үлгі алсын!

Зұлымдықтан аулақ бол! Әділеттен тайма! Барша ісіңде тек Аллаһ

Тағалаға тәуекел ет! Тек одан медет сұра! Тек соған сыйын!

***

Шелеби Мехмет Сұлтан, Осман империясының екінші құрушысы

болып есептеледі. Өйткені ол мемлекетті ішкі қақтығыстардан,

бауырлардың бір-біріне қарсы күресуінен сақтап қалған болатын. Ауыр

қиыншылықтармен күресіп, көптеген мәселелерді шешкен сұлтан егде

жасқа жетпей жатып, сырқаттанып төсекке таңылды. Соңғы деміне дейін

қол астындағыларды, мемлекетті ойлап, уәзірлеріне мына төмендегі

сөздерді өсиет етті.

«Дереу үлкен ұлым Мұратқа хабаршы жіберіңдер. Тез жетсін.

Өйткені мен мына төсектен тұрмайтын тәріздімін. ЕгерМұрат келместен

өлсем, өлгенімді ешкімге тіс жарып айтпаңдар. Әйтпесе бүкіл мемлекет