Previous Page  216 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 216 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

216

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

беремін», - деді. Омар (р.а.): «Әмір болуды дәл сол күнгідей бұрын

армандамаған едім. Мені шақырып қалар деген үмітпен Аллаһтың

Елшісіне өзімді көрсетумен болдым», - дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.)

Әли ибн Әбу Талибті шақырып, туды оған берді. Әрі: «Алға бас, Аллаһ

бағындыруды жеңілдеткенше, оң-солға қарама», - деді. Хазірет Әли

(р.а.) дереу әрекетке көшіп, кейін тоқтады. Бетін бұрмаған күйде: «Ей,

Аллаһтың Елшісі! Олармен не (жасаулары) үшін соғысайын?» - деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олар, Аллаһтан өзге тәңір жоқ екендігіне және

Мұхаммедтің Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік еткенге дейін шайқас.

Мұны жасаса, діннің тыйым салғандарын бұзбайынша, қандары мен

мүліктерін сенен қорғап қалады. Ал (ішкі дүниелерінің) есебі Аллаһтікі»,

- деді

(Мүслим, Фадаилус-сахаба 33; Бұхари, Асхабун-наби 9)

.

Хазірет Омар (р.а.) тәрізді барша сахаба, сол күні туды алу үшін

жарысқа түскен еді. Алайда ту тек бір кісіге ғана нәсіп болды. Өзгелері де

оған көңілі қалмай, яғни ренжімей оның соңынан еріп, шайқасқа түскен

еді.

***

Әсма бинти Язид (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.у.) биғат еткен ең

алғашқы мәдиналық әйел болатын. Тілге жүйрік, әрі шешен болатын.

Әйелдерге қатысты қандай да бір мәселе болса, Пайғамбарымыздан

(с.а.у.) еш ұялмай сұрайтұғын. Аллаһ Елшісі оның бұл әрекетін бағалап,

ұялу сезімінің дінін үйренуге кедергі болмағандығын айтып, мәдиналық

әйелдерді мақтайтын. Бір күні әйел сахабалар бірігіп, Әсманы

Пайғамбарымызға (с.а.у.) жібереді. Әсма (р.а.) Пайғамбарымызға келіп

былай деді: «Ей, Аллаһтың Елшісі! Әке-шешем саған құрбан болсын.

Мен саған әйелдердің елшісі ретінде келіп тұрмын. Аллаһ Тағала күллі

әйел мен еркекке пайғамбар етіп жіберді. Біз саған және сенің Раббыңа

иман келтірдік. Әйел болғандығымыздан үйлерімізде отырып, сендерге

тыныштық пен рақаттың қайнар бұлағына айналдық. Балаларыңды да

тәрбиелеп отырған жайымыз бар. Сендер еркектер жұма намазын оқу,

мешітке әрдайым бару, аурудың көңілін сұрап шығу, жаназаға қатысу,

бір мәртеден артық қажылық жасау секілді істерде бізден артықсыңдар.

Мұның барлығының ең маңыздысы Аллаһ жолында жиһад ету

(күресу).

Алайда сендер қажылық және ұмра үшін немесе дұшпанмен соғысу

үшін үйден шыққандарыңда, мүліктеріңді біз қорғаймыз, жіп иіріп

сендерге киім тігеміз, балаларыңды бағамыз. Осыған орай біз, сендердің

алған сауаптарың мен игіліктеріңе ортақ боламыз ба, жоқ па?

Хазірет Әсманың бұл сөздері Пайғамбарымызға (с.а.у.) қатты

ұнады. Сахабаларына қарап: «Сендер дін жайында сұрап тұрған мына

әйелден артық сөз сөйлеген жан көрдіңдер ме?» - деп сұрады. Кейін: