¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
210
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Мына адамдар
(бес күндік)
дүниені жақсы көріп, ауыр күнге
(ақыретке)
мән бермейді»
(Инсан сүресі, 27-аят)
.
«Нәпсісін
(иман келтіру арқылы)
тазартқан, Раббысының атын
еске алып, намаз оқыған жан мұратына жетті. Бірақ сендер дүниені
артық көресіңдер.
(Ал)
ақырет одан қайырлы әрі мәңгі»
(Ағла сүресі, 14-
17 аяттар)
.
СағдиШиразиадамдықатерденқатергеитермелейтіндүниеқоңыздық
пен пайдакүнемдікті мына теңеу арқылы керемет түсініктеме береді:
«Құстың асқазан дерті болмаса, ешбір торға түспес еді».
Хазірет Мәулана да мынадай мысал келтіреді:
«Көптеген балық су ішінде кез-келген қатерден аман жүргенінде,
өңешінің кесірінен қармаққа түседі».
Сондықтан адам баласы, дүниенің соңына түсем деп, ақыретті
ұмытпауы керек. Жақсылықтың қайтарымы көбінесе о дүниеде
болғандықтан нәпсі мен шайтан адам баласын алдап, қаперіне алмауына
күш салады.
Құран Кәрімде Аллаһ Тағала былай дейді:
«Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады. Күмәнсіз ақыларың қиямет
күні толық төленеді. Кімде-кім тозақтан құтылып, жұмаққа кіргізілсе
(көздеген)
мұратына жетті. Негізінде бұл дүние алдамшы нәрсе»
(Әли
Имран сүресі, 185-аят)
.
Хақ Тағала жәннатқа қол жеткізудің жолы жақсылық жасауда
жарысумен өтетіндігін былай деп жеткізеді:
«Жақсылықта жарысыңдар»
(Бақара сүресі, 148-аят)
.
«
(Сонымен қатар)
олар жақсылықта жарысады»
(Әли Имран сүресі,
185-аят)
.
«Раббыларыңның кешіріміне әрі тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі
жер мен көктей жәннатқа жарысыңдар»
(Әли Имран сүресі, 133-аят)
.
Басқа бір аятта жақсылық жасауда жарысатын құлдарын былайша
сүйіншілейді:
«Дүние-мүліктерің
немесе
балаларың
сендерді
бізге
жақындатпайды. Бірақ иман келтіріп, салих амал істегендердің жөні
басқа. Міне соларға істеген істерінің қайтарымы бірнеше есе болып
беріледі. Сондай-ақ олар жәннат бөлмелерінде аман-есен болады»
(Сәбә сүресі, 37-аят)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Пайдалы іс істеуге асығыңдар.
Өйткені жақында болатын қараңғы түндер секілді бірнеше бүлік дүниені