¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
206
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әйел: «Аллаһ саған мейірімділік танытсын ей, ғалым. Аллаһ саған
аманат ретінде берген дүниесін кері алғанда неге қайғырасың?Қайғыруға
құқығың бар ма? Саған әйеліңді аманат ретінде берген еді. Кейін қайта
алды. Аллаһтың оны өз құзырында ұстауына сенен де артық құқығы
бар», - деп оны жұбатады.
Ғалым бұл сөздерден ғибрат алып, ақиқатты түсінеді. Өз-өзіне келеді.
Осылайша Аллаһ, ғалымға әйелдің сөздерінен хақиқатты аңғаруды нәсіп
етті»
(Муатта, Жанайз 43)
.
***
Ибн Аббастың (р.а.) дегеніне сүйенсек, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір
хадис-шәріпінде былай дейді:
«Қабірдегі мәйіт, теңізде тұншығып өлуге бет алып, бойын қорқыныш
сезімі билеп жәрдем сұраған жан секілді. Әкесінен, анасынан, бауырынан,
адал достарынан дұға күтеді. Егер қандай да бір дұға жасалса, ол дұға
оған дүниедегі барша нәрседен артық көрінеді. Күмәнсіз Аллаһ, қабірдегі
мәйіттерге дүниедежүргендердің дұғаларының берекеті арқылыүлкендігі
таудай сауап береді. Тірілердің өлілерге жасар ең үлкен сыйы, олар үшін
кешірім тілеу және олардың атынан садақа беру (болып табылады)»
.
116
Ибн Аббас (р.а.) былай деп риуаят етеді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) екі қабірдің қасынан өткенде, олар жайлы
былай деген болатын:
«Екеуі де азап тартып жатыр. Бірақ (олардың ойынша) үлкен
бір күнәнің себебінен емес. Олардың бірі (адамдар арасында) сөз
тасығандықтан, ал екіншісі кіші дәретті дұрыс сындырмағандықтан азап
тартып жатыр».
Артынша Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жас құрма бұтағын сұрады. Бұтақты
екіге бөліп, бір-бірден екі қабірдің басына тіккеннен кейін:
«(Бұтақ)
қурағанша, олардың азабын жеңілдетуі үміт етіледі»
, - деді.
Әйгілі ғұлама Құртуби бұл хадис-шәріпке былай деп түсініктеме
береді:
«Хадистегі «қурағанша» сөзі, әлгі бұтақ кеуіп кеткенше тәсбих
жасайтындығына айғақ болады. Ғалымдарымыз бұл жайлы былай дейді:
«Қабірге тігілген ағаштың, немесе қабірдің басында оқылғанҚұранКәрім
аяттарының қабірдегі кісілерге пайдасы тиеді. Тігілген бір ағаштың өзі,
өлінің азабын жеңілдетері хақ болса, оқылған Құран Кәрім аяттарының
қаншалықты пайдасы тиерін кім біліпті?! Өлінің атынан жасалған
116. Дәйләми, әл-Фирдаус би мәсурил хитаб, Бейрут 1986 ІV, 103/6323; Али әл-Муттақи
ХV, 694/42783; ХV, 749/42971.