¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
202
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Кеш батып қалған шақ болатын. Талха (р.а.) Аллаһ Елшісіне хабар
берілместен, жерленді. Таңертең жағдай Пайғамбарымызға (с.а.у.)
айтылды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Талханың (р.а.) қабірінің басына
барып: «Аллаһым! Сен одан, ол да сенен разы болған күйде құзырыңа
қабыл ет», - деп дұға етті
(Ибн Әсир, Усдул-Ғаба II, 29)
.
***
ӘбуСалама (р.а.) қайтыс болады. Адамзаттың асылыПайғамбарымыз
(с.а.у.) оның қасына келді. Ашық қалған көздерін жауып: «Рух кеудеден
шыққанда, көздер оған қарап тұрады»,-дейді. Дәл сол сәтте Әбу
Саламаның (р.а.) отбасы мүшелерінің кейбірі дауыс көтеріп, жылай
бастады. Пайғамбырымыз (с.а.у.): «Өздеріңе тек жақсылық тілеп дұға
етіңдер. Өйткені періштелер дұғаларыңа «әмин» дейді», - деп шектен
шықпай ортаны ұстау керектігін білдіреді.
Кейін: «Аллаһым! Әбу Саламаны кешір. Дәрежесін һидаятқа
ергендердің деңгейіне жеткіз. Артында қалдырғандарына сен кепіл бол.
Уа, әлемдердің Раббысы! Бізді және оны кешір. Қабірін кеңейт. Ішін
нұрға толтыр», - деп дұға етті
(Мүслим, Жанайз 7)
.
***
Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызы Зейнеп (р.а.) Аллаһ Елшісіне
хабаршы жолдап: «Ұлым өлейін деп жатыр. Біздің жаққа келіп кетіңіз»,
- деп сәлем жолдайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларымен жұмыс
істеп жатқандықтан: «Алатын да беретін де Аллаһ. Оның құзырында
кез келген нәрсенің белгілі мерзімі бар. Сабыр етіп, сауабын Аллаһтан
күтсін», - деп сәлем жолдады. Мұны естіген қызы: «Міндетті түрде
келсінші», - деп қайтадан хабар жіберді.
Бұл жолы Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Сағд ибн Ұбаде, Мұғаз ибн Жәбал,
Үбей ибн Қағб, Зәйд ибн Сәбит тағыда басқа сахабаларды жанына
ертіп, қызының үйіне келді. Сәбиді Пайғамбарымызға (с.а.у.) ұстатты.
Нәрестені құшағына алды. Сәби әрең тыныстап жатыр еді. Аллаһ
Елшісінің көзінен жас парлады. Мұны көрген Сағд ибн Ұбаде: «Уа,
Аллаһтың Елшісі! Мына халіңіз не?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.): «Бұл Аллаһтың өзі қалаған құлының жүрегіне беретін мейірімі.
Өйткені Аллаһ Тағала тек мейірімді құлдарына мейірімділік танытады»,
- деп жауап берді»
(Бұхари, Жанайз 33; Мүслим, Жанайз 9, 11)
.
***
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызы Зейнеп (р.а.) көз жұмады. Оны
Умму Айман, Ансар әйелдерінің бірі Умму Атийа және аналарамыз
Бибі Сәуда мен Умму Салама жуған болатын. Жуып жатқандарында