(
199
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһ Тағала бұл парызды адамбаласына тірі мысал ретінде көрсетіп
үйреткен.
109
Шариғатта жаназа намазын оқу, қабірмен айналысудың
үкімі парыз-кифая, ал өзге қызметтердің үкімі сүннет яки мустахаб. Бұл
қызметтер тәрк етілсе, сол аймақтағы барша халық күнәһар болады.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болған кісіні
сенімді кісілердің жууын өсиет еткен.
110
Кебініне және тағы да басқа
керекті заттарына мән беруді әмір еткен. Ол осы істердің маңыздылығын
төмендегі мына хадистер арқылы жеткізеді:
«Қайтыс болған кісіні жуып, оның бойындағы жағымсыз нәрселерді
жасырған жанды Аллаһ Тағала қырық мәрте кешіреді. Көз жұмған кісіні
кебіндеген кісіге, жібектен тігілген жәннат киімдерін кидіреді. Қайтыс
болған кісіге қабір қазып көмгенге, бір пақырды қияметке дейін тұратын
үйге орналастырған секілді сауап береді»
(Хаким I, 506/1307)
.
«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар. (Олар): Сәлем алу,
сырқаттың көңілін сұрап шығу, жаназаның соңынан жүру, шақырғанға
келу, түшкіргенге «ярхамукаллаһ» (Аллаһ саған рақымдылық танытсын)
деу»
(Бұхари, Жанайз 2; Мүслим, Сәлем 4)
.
Бақилық болған мұсылманға алғашқы дұға, оның жаназа намазын оқу
болып табылады. Кейінірек қолдағы мүмкіндікке қарай оның атынан игі
істер істеуге тура келеді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) төмендегі мына хадистерде
былай дейді:
«Жаназа намазын оқығанда, көз жұмған кісіге шын ықыласпен дұға
етіңдер!»
(Әбу Дәуіт, Жанайз 54-56/3199)
.
«Кез келген мұсылманның жаназасында, Аллаһқа серік қоспаған
қырық кісі жаназа намазын оқыса Аллаһ олардың оған деген шапағатын
міндетті түрде қабыл етеді»
(Мүслим, Жанайз 59)
.
Хадистегі «қырық» саны көптікті білдіреді. Өйткені басқа бір хадисте
«жүз» саны,
111
тағы өзге хадисте «үш сап» түзеген жамағаттың жеткілікті
екендігі айтылып өткен.
112
Үш сап түзеу хадисін риуаят еткен Мәлік ибн Хұбайра (р.а.), қандай-
да бір мұсылманның жаназа намазын оқуға келген кісілер санының аз
екендігін байқағанда, дереу үш сапқа тұрғызатын.
113
Мұсылман әрқашан өлімге дайын болып жүруі қажет. Әсіресе біреуге
қарыз болып, көз жұмудан сақтануы керек. Егер қарызын өтеместен
109. Мәйда сүресі, 31-аят.
110. Ибн Мәжә, Жанайз 8.
111. Мүслим, Жанайз 58.
112. Әбу Дәуіт, Жанайз 38-39/3166.
113. Әбу Дәуіт, Жанайз 38-39/3166.