Previous Page  204 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 204 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

204

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

болған жанның жақсылықтарын, ізгіліктерін, жақсы кісі болғандығын

еске түсірісті. Мұны естіген Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Уажабат» (уәжіп

болды), - деді. Кейін тағы да бір жаназа өтті. Сол маңайда тұрғандар,

оның жаманшылығын еске алысты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтадан:

«Уажабат» (уәжіп болды), - деді. Хазірет Омар (р.а.): «Ей, Аллаһтың

Елшісі! Уәжіп болған не?» - деп сауал қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Алғашқы өткен жаназаның жақсы кісі болғандығын айтып, еске

түсіріп тіл қаттыңдар. Оның жәннатқа кіруі уәжіп болды. Кейінгінің

жаманшылығын еске түсірістіңдер. Ал оның болса, тозаққа кіруі уәжіп

болды. Өйткені сендер Хақ Тағаланың жер жүзіндегі куәгерлерісіңдер»,

- деп жауап берді

(Бұхари, Жанайз 86; Мүслим, Жанайз 60)

.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) марқұмның туыстарына көңіл айтумен ғана

шектелмейматериалдық, һәмрухани тұрғыдан қолынан келгенжәрдемін

аямайтын. Жаппар Таййар (р.а.) шәһит болғанда, ғаламның мақтанышы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз отбасына: «Жаппардың жанұясына ас

әзірлеңдер. Өйткені олардың аспен айналысар (дастарқан жаюға) халі

жоқ», - деді

(Әбу Дәуіт, Жанайз 25-26; ибн Хишам III, 436)

.

Кейінірек Жаппардың жетімдерін қанатының астына алып, оларды

өз қорғауына және тәрбиесіне алған болатын.

***

Әбу Бәкір (р.а.) қандай да бір қасіретке тап болған адамдарға былай

деп көңіл айтатын:

«Сабыр, қасіреттің ауыртпалығын азайтады. Қайғырудың пайдасы

жоқ.Өлімненбұрынғыөміроңай,қиыныөлімненкейінгісі.АллаһЕлшісін

(с.а.у.) жоғалтқандарыңды еске түсірсеңдер, қасіреттің ауыртпалығы

азайып, Аллаһ сауаптарыңды арттырады»

(Әли әл-Муттақи XV, 744/42958)

.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір хадис-шәріпінде былай деген болатын:

«Кімде-кім сауап алатындығына сеніп, әрі сыйын тек Аллаһтан

күтіп бір мұсылманның жаназасына қатысып, мәйіттің намазы оқылып

жерленгенін күтсе әрбірі Ұхуд тауының үлкендігіндей екі қырат сауаппен

(үйіне) оралады. Алкімде-кімтекжаназа намазыноқып, мәйітті жерлеуге

қатыспаса бір қырат сауаппен (үйіне) оралады»

(Бұхари, Иман 35)

.

Бір күні Абдулла ибн Омар (р.а.), Сағд ибн Әбу Уаққаспен (р.а.) бірге

отырған еді. Кенет Хаббаб ибн Әрат келіп: «Абдулла! Әбу Һұрайраның

айтып жүрген нәрсесіне құлақ асшы!», деп жоғарыда аталып өткен

хадисті риуаят етті.

Мұны естігенАбдулла: «ӘбуҺұрайра да көп сөйлейтін болып кетті», -