¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
200
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бақилық болып жатса, туыстары оның қарызын өтеуі ләзім. Өйткені
қарызы өтелмесе тіпті шәһиттің пейішке кірмейтіндігі деректерде
айтылады.
114
Сонымен қатар жерлеу рәсімін кешіктірместен, қолдан келгенше
жылдамдату керек.
Шариғаттаеркектерүшінүлкенигіісболыптабылатынжаназанамазы,
қабірге жерлеу рәсімі әйелдер үшін игі іс ретінде қабыл етілмеген. Үкімі
«тәнзиһән мәкруһ» (халалға жақын мәкруһ). Өйткені жаратылысынан
рақымдылық пен мейірімділік сезімдері биік әйелдерден мұндай қайғы-
қасіретте жағымсыз іс-әрекеттер шығуы ықтимал.
Умму Атия (р.а.) былай дейді.
«Бізге, әйелдерге жаназаға қатысуға тыйым салынды. Бірақ толықтай
харам етілмеді»
(Бұхари, Жанайз 29, Иғтисам 27; Мүслим, Жанайз 34-35)
.
Жақыны көз жұмған яки қасіретке тап болған жандарға көңіл айту,
яғни оларды жұбатып, сабыр етуге шақыру аса маңызды іс.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Қандай-да қасіретке тап болған бауырына көңіл айтқан момынға
қиямет күні Аллаһ Тағала «кәрем» киімін кигізеді»
(Ибн Мәжә, Жанайз 56)
.
Жаратылысынан әлсіз адам баласы қайғы-қасіретке тап болған
шақтарда қолдауға, жұбанышқа мұқтаж. Сол себепті жаназаға қатысу,
көңіл айту тәрізді іс-әрекеттің маңыздылығы өте жоғары. Мұндай іс-
әрекетке мән бермей енжарлық таныту үлкен қателік. Күндердің күнінде
кез келген кісі жұбанышқа, қолдауға зар болады. Сондықтан бүгіннен
бастап жерге тұқым тастай берсек, қолдауға зәру болғанымызда көлеңке
болар ағаш табылады.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Жабир (р.а.) былай деп өрбітеді:
«Пайғамбарымыздан (с.а.у.) таңды қалай атырдыңыз?» - деп сұралған
еді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Жаназаға қатыспаған және аурудың көңілін
сұрап шықпаған жандардан қайырлырақ таңды атырдым»
, - деп жауап
берді
(Бұхари, әл-Әдебул-Муфрад № 1133; ибн Мәжә, Әдеп 18)
.
Бұл сөздерімен Пайғамбарымыз (с.а.у.) шын пейілімен әрі Аллаһ
разылығы үшін жаназаға қатысқан, аурудың көңілін сұрап шыққан
114. Нәсай, Буюғ 98, Ахмед V, 289.