Previous Page  195 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 462 Next Page
Page Background

(

195

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

сусынын алып шықты. Бұл менің Меккеде ішкен алғашқы асым еді»

(Мүслим, Фадайлус-сахаба 132)

.

Рақымдылық пен мейірімнің телегей теңізі Аллаһ Елшісі Әбу Зәрмен

(р.а.) алғаш танысқан сәтте қалай тамақтанғанын сұраған еді. Ал Хазірет

Әбу Бәкір (р.а.) қолға түскен сәтті пайдаланып, Аллаһтың бір құлын

тойдыруға ниет етті.

***

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) қолына мүмкіндік тиген сәтте-ақ пақыр

мұсылмандарды тамақтандыратын. Мұны байқап қалған Әбу Жәһил

бір күні Әбу Бәкірге (р.а.) келіп: «Уа, Әбу Бәкір! Аллаһтың осындай

пақырларды тамақтандыратындығына нанасың ба?» - деп сұрады.

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.): «Иә, нанамын», - деп жауап берді.

Әбу Жәһил: «Олай болса, неге оларды өзі тамақтандырмайды?» - деп

сауал қойды.

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.): «Аллаһ бәз біреулерді пақырлықпен, ал

кейбіреулерді байлықпен сынайды. Пақырларға сабыр етуді, байларға

тамақтандыруды әмір етеді», - деді.

Ақылсыздық пен имансыздық қараңғылығында қалып қойған Әбу

Жәһил: «Уаллаһи!ӘбуБәкірсенкөпболса адасыпжүргеншығарсың.Сен

қалай бұған иланбақсың? Аллаһ шамасы жетіп тұрып, оларға еш нәрсе

бермейді? Ал сен оларды тамақтандырып жүрсің?» - деп даурықты.

Осы уақиғадан кейін төмендегі мына аят түседі:

«

(Оларға)

Аллаһтың сендерге нәсіп еткен ризығынан инфақ

етіңдер деп айтылғанда, кәпірлер мүминдерге: «Аллаһ Тағала қаласа

тамақтандыратын біреулерді, біз тамақтандырамыз ба? Сендер

шынымен-ақ адасып жүрсіңдер»,-деп жауап береді»

(Ясин сүресі, 47-аят);

(Құртұби XV, 26)

.

Мінекей аш-жалаңаш жандарды тойғызу Хазірет Әбу Бәкірдің

көркем сипатыекен. Ал олардан сырт айналу, ӘбуЖәһилдіңжағымсыз

сипаты екен. Хақ Тағала баршамызға Хазірет Әбу Бәкірге берген

сипатын, бізге де нәсіп етсін. Әумин!

***

Әбу Һұрайра (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Адамдар Әбу Һұрайра көп хадис риуаят етеді дейді. Шынында

мұның сыры, қарнымды тойдыру үшін әрдайым Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) қасында болғанымда жатыр. Еш ашытқымен пісірілген нан жемей,

жақсы киім кимей жүретінмін. Маған ешқандай әйел немесе еркек

қызмет етпейтін. Аштық қысқанда қарныма тас байлап алатынмын. Кез