¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
190
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Олар шақыруды құп алып, үйге келді. Рұқсат сұрап, ішке кірді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әбу Һұрайра!» - деп мені шақырды.
Мен: «Ләббай! Аллаһтың Елшісі!» - дедім.
Ол: «Мына сүтті ал! Оларға тарту ет», - деді. Мен сүт құйылған
ыдысты қолыма алып, кезекпен әрбіріне бере бастадым. Берген адамым,
сүтті тойғанша ішті. Мен ыдысты келесі адамға беріп отырдым. Ол
да қанғанша сүтті ішіп, ыдысты маған кері беріп отырды. Осылайша
барлығы қана ішкеннен кейін, ыдыстыПайғамбарға (с.а.у.) бердім. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) ыдысты қолына алып, маған қарап күлімсіреді. Артынша:
«Әбу Һұрайра!» - деді.
Мен: «Ләббай! Аллаһтың Елшісі!» - дедім.
Маған қарап: «Мені мен сен екеуміз қалыппыз», - деді.
Мен: «Тура айттыңыз! Аллаһтың Елшісі!» - дедім.
Ол: «Отыр! Іш!» - деді. Мен отырып, сүт іштім. Артынша маған тағы
да: «Отыр! Іш!» - деді. Қайта отырып, іштім. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Іш!
Іше ғой!» - деп бірнеше мәрте айтты. Соңында мен шыдай алмай: «Жоқ!
Сені хақ пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етейін! Сүт сиятын орын
қалмады», - дедім.
Ол: «Сүтті маған бер!» - деді. Ыдысты оған бердім. Әуелі Аллаһ
Тағалаға мадақ келтіріп, бисмиласын айтып, қалған сүтті ішті
(Бұхари,
Риқақ 17)
.
***
Хазірет Әбу Бәкірдің ұлы Абдуррахман (р.а.) төмендегі мына
уақиғаны нақыл етеді:
«Суффалықтар түгі жоқ пақыр жандар еді. Бір күні Аллаһ Елшісі
(с.а.у.): «Екі кісілік асы бар жан (суффалықтардан) үшінші етіп біреуді,
төрт кісілік асы бар жан бесінші етіп, тіпті алтыншы етіп біреуді үйіне
асқа шақырсын», - деді.
Әкем Әбу Бәкір (р.а.) олардың арасынан үш кісіні үйге ертіп әкелді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) он кісіні үйіне ертіп кетті. Аллаһқа ант етейін,
алдымыздағы ас желінген сайын арта түсті. Қонақтар тойды. Ас азаюдың
орнына, керісінше арта түсіп, ортада қалып қойды. Хазірет Әбу Бәкір
асқа көз тастады. Артынша әйеліне бұрылып: «Уа, БәнуФирастың қызы!
Мынау не?» - деді.
Ол: «Көзімнің нұрына ант етейін, ас қазір, бұрынғысынан үш есе
артық», - деді.
Әкем астың қалғанын Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) беріп жіберді.
Пайғамбар (с.а.у.) бұл астан дәм татты. Қалған ас, сол үйде қалып қойды.