Previous Page  193 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 193 / 462 Next Page
Page Background

(

193

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Алып кел қолыңдағыны!,-деді. Анам нанды алып келді. Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) нанды бөлдіртті. Умму Сулайым қарыннан май шығарып, нан

бөліктерінің үстіне жақты. Содан кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дұға оқыды.

Артынша Әбу Талхаға бұрылып: «Он кісіге рұқсат бер!» - деді. Ол он

кісіні ішке кіргізді. Олар тойғанынша жеп, сыртқа шығып кетті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Тағы да он кісіге рұқсат бер!» - деді. Әбу

Талха он кісіні ішке кіргізіп, олар ішіп-жеп шығып кетті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Тағы да он кісіге рұқсат бер», - деді.

Осылайша еріп келген жамағаттың барлығы жақсылап тамақтанып

алды. Бұл жамағат жетпіс яки сексен кісі болатын. Содан кейін Әбу

Талха дастарқанды қайта жайды. Қараса, нан бөліктері сол күйінде

сақталыпты. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үй иесімен бірге отырып тамақтанды.

Сонда да көршілеріне тарту етерлік мөлшерде нан қалып қойды»

(Бұхари,

Мәнақиб 25; Мүслим, Әшриба 142-143)

.

***

Жәбир (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Біз Хәндәк соғысында ор қазып жатқан едік. Алдымыздан қатты,

үлкен тас шықты. Сахабалар Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп: «Ор қазып

жатыр едік. Алдымыздан үлкен тас шықты», - деп хабар берді. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.): «Онда орға мен түсейін», - деп орнынан тұрды. Аштықтан

қарнына тас байлап алған болатын. Біз үш күн бойы жейтін азығымыз

болмай, орда қалған едік. Аллаһ Елшісі қолына қайланы алып, тасқа

ұрды. Әлгі үлкен тас күл талқан болып, құм үйіндісіне айналды.

Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Үйіме барып келуіме рұқсат беріңіз»,-

дедім. Рұқсат алып үйге тарттым. Үйге келіп әйеліме: «Мен Аллаһ

Елшісін жан шыдатпайтын халде көрдім. Үйде жейтін ас бар ма?» - деп

сұрадым.

Әйелім: «Біраз арпа мен бір лақ бар», - деді. Мен лақты сойып, арпаны

үгіттім. Етті қазанға салдық. Нан пісіріліп, ет қайнап жатқан тұста Аллаһ

Елшісіне барып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Азғантай дайындаған асым бар

еді. Бір екі кісіні қасыңызға алып, үйге жүріңіз», - дедім.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Дайындап жатқан асың қанша?» - деп сұрады.

Мен бәрін айтып салдым.

Ол: «О-о!Нендейкөп!Нендейғажап!Әйеліңе барыпмынаныайт.Мен

келгенге дейін қазандыошақтан түсірмесін, нандыпештеншығармасын»,

- деді. Сөзін аяқтағаннан кейін сахабаларына қарап: «Жүріңдер», - деді.

Мұхажирлер мен Ансар барлығы орнынан тұрды. Мен асығып-үсігіп

әйеліме келіп: «Бір ұят іс болғалы тұр. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Мұхажирлер

мен Ансарды қасына ертіп, үйге беттеп келеді», - дедім.