Previous Page  194 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 194 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

194

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әйелім: «Сенен асымыздың қаншалықты екенін сұрады ма?» - деді.

Мен: «Иә», - деп жауап бердім.

Ол: «Олай болса алаң болма. Ол сенен жақсы біледі», - деді.

Біраз уақыт өткеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) келді. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) сахабаларына: «Кіріңдер! Бір-біріңді сығыстырмай,

кіріңдер», - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) нанды үзіп алып, үстіне ет қойып

үлестіре бастады. Әр алғанында қазанды және пешті жауып отырды.

Олардың барлығын тойғызғанға дейін осы әрекетінен танбады. Соңында

біраз ас артылып қалды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Мына астан тамақтанып

ал. Көршілеріңе де тарту ет. Өйткені аштық адамдарды титықтатып

жіберді», - деді»

(Бұхари, Мағази 29; Уақиди II, 452)

.

Жәбир (р.а.) әңгімесін былай деп тәмамдайды:

«Үйіме келген кісілердің саны мың шақты еді. Аллаһтың атымен ант

етейін солай еді. Барлығы жақсы тамақтанды. Тіпті олардан артылып

қалды. Қазанымыз ортаймастан қайнап жатты. Сол қамырымыз

азаймады, тіпті екі әйел нан пісірумен болды»

(Мүслим, Әшриба 141)

.

***

Әбу Зәр (р.а.) Пайғамбарымызды көріп, ол жайлы кеңінен мағлұмат

алу үшін Меккеге келген еді. Бишара біреуден Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

жайлы сұрады. Ол: «Мынау дінін тәркеткен жан», - деп айқай салды.

Мүшріктер дереу Әбу Зәрдың маңына жиналып, таяқтың астына алды.

Зәмзәм суынан басқа нәр татпаған Әбу Зәр, дәл отыз күн Меккеде

қалды. Әйтеуір әрең дегенде Аллаһ Елшісі мен Әбу Бәкірді (р.а.) көрді.

Оларға сәлем беріп, өзін танытты. Әбу Зәр қыссасын әрі қарай былай

деп жалғастырады:

«Аллаһ Елшісі: «Бұлжерге келгеніңе қанша күн болды?» - деп сұрады.

Отыз күннен бері осы жерде жүргенімді айттым.

«Сені кім тамақтандырды?» - деп сауал қойды.

Мен: «Зәмзәм суынан басқа ішіп-жейтін ешнәрсем болғанжоқ. Қайта

мен осы жерде әжептәуір ет алдым. Тіпті қарным шығып, аштықты

сезгенім жоқ», - дедім.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Зәмзәм, берекелі әрі ашыққанды

тойдыратын ас әрі дертке дауа», - деді.

Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Бүгін оны мен

тамақтандырайын. Рұқсат беріңіз», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мен Әбу Бәкір (р.а.) жолға түсті. Мен олардың

артынан ердім. Әбу Бәкір (р.а.) бір есікті ашып, бізге тайыфтық құрма