(
189
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тамақтанбастан, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанұясы тамақтанбайтын.
Қолына түскенді мұқтаждарға таратып беретін. Тіпті бірнеше күн бойы
ошағында от жағылмайтын. Нан табылмайтын. Мұның көптеген мысалы
бар. Олардың бірі, мына төмендегідей.
Әбу Һұрайра (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Өзінен өзге тәңір жоқ Аллаһқа ант етейін! Мен бағзы уақытта
аштықтан қарнымды жерге жапсырып жататынмын. Ал кейде қарныма
тас байлап алатынмын. Бір күні (үйіне апарып біреу тамақтандырар
деген ниетпен) сахабалар өтетін жолдың үстіне барып отырдым. Бір
кезде Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) өтті. Дереу орнымнан тұрып, Құран
Кәрімдегі бір аят жайлы сұрадым. Ол сауалыма жауап беріп, кетіп қалды.
КейінірекОмар (р.а.) өтті. Мені тамақтандырар деген үмітпен, Аллаһтың
кітабындағы бір аят жайлы сұрастырдым. Ол да қойған сауалыма жауап
беріп, кетіп қалды. Кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өтті. Мені байқап қалып,
күлімсіреді. Ішкі жан дүниемдегі сырымды сезіп: «Әбу Һұрайра!», -
деді.
Мен: «Ләббай! Аллаһтың Елшісі!», - дедім.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) маған қарап: «Менің соңымнан ер»,-деп
жолын жалғастырды. Мен артынан еріп отырдым. Пайғамбар (с.а.у.)
үйіне кіріп кетті. Артынша үйге кіру үшін рұқсат сұрадым. Рұқсат
берілгеннен кейін, ішке кірдім. Ол бір ыдыстың ішінен сүт тауып алып:
«Мына сүт қайдан келді?» - деп сұрады.
Жұбайлары: «Пәленше деген кісі сізге сыйға берді», - десті.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Әбу Һұрайра!» - деп дауыстады.
Мен: «Ләббай! Аллаһтың Елшісі!» - дедім.
Маған қарап: «Суффалықтарды шақырып кел!» - деді.
Суффалықтар ислам дінінің қонақтары болатын. Олардың пана
сұрайтын жанұялары жоқ еді. Тігерге тұяғы жоқ тақыр кедей, ешкімі
жоқ пақыр жандар болатын. Пайғамбарымызға (с.а.у.) садақа келсе,
қол тигізбестен дереу суффалықтарға беріп жіберетін. Ал егер сыйлық
келіп жатса, оның бір бөлігін өзіне алып қалатын. Қалғанын оларға бөліп
беретін.
Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) суффалықтарды үйіне шақыруы маған ұнай
қойған жоқ. Ішімнен өз-өзіме: «Мына сүт суффалықтардың қайсысына
жетеді? Ол сүтті менің ішуім керек еді. Менің ақым ғой. Олар келгенде,
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған сүтті бер дейді. Сүтті беруін беремін ғой, бірақ
маған ешнәрсе қалмайды-ау. Бірақ Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) бұйрығын
орындамау да дұрыс болмас»,-дедім.
Суффалықтарға барып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйіне шақырдым.