Previous Page  184 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

184

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бұл уақиға мұқтажжанғажәрдем берудің дүниелік пайдасын көрсетіп

тұр. Ал ақыреттегі пайдасының қандай боларын кім білсін?!

***

Аласониялық қажы Жамал Өғүт ұстаздың мұқтаж жанға жәрдем

беруге қатысты мына уақиғасы нендей ғибратқа толы.

Қыс мезгілі еді.Ымырт түскен уақыт болатын. Көшеден айран сатушы

өтеді. Қызына қарап: «Қызым! Айран алайық па?» - деп сұрайды. Қызы

үйде айранның бар екендігін айтады. Әрі айран алудың қажет еместігін

әкесіне білдіреді. Біраз уақыттан кейін айран сатушы көшеде қайта

өтіп: «Айран алатын адам бар ма?» - деп айқайлайды. Ұстаз қызынан:

«Айран алу керек пе?» - деп қайта сұрайды. Қызы қайтып сол жауапты

қайталайды. Дәл сол уақиға үшінші мәрте қайталанғанда қызы шыдай

алмай: «Әкешім! Айранға мұқтаж емес екендігімізді бірнеше мәрте

айттым. Соншама сұрауыңыздың себебі не? - деп сұрайды. Ұстаздың

жауабы ішкі жан дүниесі бай мүминнің әрекетін көрсетті. «Қызым!

Әлгі кісінің мұқтаждығы болмаса мына қақаған қыста, кешкі уақытта

айран сататындай оған не көрініпті? Біз мына айранды сатып ала

салайық. Бейшара үйіне қайтсын. Сен айранды әйтеуір іске жаратарсың.

Осылайша әлгі кісінің мұқтаждығын өтеуге себепші болармыз».

***

Ұзынсөздіңқысқасы, кезкелгенжанқиыншылықатапболуыықтимал.

Сол себепті қолдағы мүмкіндікке қарай, Аллаһтың разылығына бөленіп

мұқтаж жандарға қол ұшын берудің жолын қарастыруымыз қажет.

Жүніс Әміре игіліктің, пақырға болмашы көмек берудің

артықшылығын төмендегі мына өлең жолдарымен жеткізеді.

Тура жолға түскен болсаң,

Ер жігіттің жолын қусаң,

Қайыр істі атқарған болсаң,

Бірге мың да аз емес.

Бір пақырды көрген болсаң,

Қол ұшыңды берген болсаң,

Ертең бір ұшқыны өзіңе келіп,

Ақиқат киімін тоқығаның.

***