Previous Page  183 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 462 Next Page
Page Background

(

183

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

кісінің дейгейіне жетудің бірден-бір құралы. Ал кәміл кісінің Аллаһтың

әмірлерін толығымен түйсініп, мұқтаж жандарға көмектесуі хақ.

***

Хазірет Ахмет Әр-Руфағи әрбір көрген кісісіне сәлем беретін.

Сырқаттаныпқалғанжандардыңкөңілінсұрапшығатын.Сапаршеккенде

жолда кезігетін зағиптерді қолынан жетелеп, қалаған жеріне апарып

тастайтын. Жасы ұлғайып қалған кісілерге кезігіп жатса, жүгін тасуға

жәрдем беретін. Маңайындағы дос-жарандарына Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) мына хадис-шәріпі арқылы насихат ететін:

«Кімде-кім жасы ұлғайған қартқа құрмет көрсетіп, жәрдем етсе,

Аллаһ Тағала жасы ұлғайғанда оған жәрдем беретін біреуді нәсіп етеді»

(Тирмизи, Бирр 75/2022)

.

Қала сыртына шығып жатса, қайтарда орманнан ағашшауып, көлігіне

артып келетін. Бұл отынды жесірлерге, пақырларға, мұқтаждарға

таратып беретұғын.

Айықпас дертке шалдыққан науқастарға қызмет ететін. Киімдерін

жуып, олармен сұқбаттасатын. Ас әзірлеп, оларды тамақтандыратын.

Содан соң, олардың өзіне дұға етуін сұранатын.

Соңына ерген шәкірттеріне: «Мына секілді нашарларды зиярат ету

мустахаб емес, уәжіп», - дейтұғын.

Бір күні ол ойнап жатқан балалардың тұсынан өтеді. Бірнеше бала

оның (Ахмет әр-Руфағидің) айбатынан тайсалып қашады. Ол дереу

оларды қуып жетіп, бауырына басады. Мейірім толы көзбен оларға

қарап: «Балаларым! Көріп тұрғандарыңдай, мен де бір бейшара құлмын.

Сендерді ренжітсем, кешірім сұраймын», - деді.

***

Шығыс Албанияда кедей бір әйел өмір сүретін. Қыстыңгүні бір

баланың бишара күйге түскеніне шыдай алмай, оған тозығы жеткен

ескі аяқкиім берген еді. Уақыт өте келе әлгі бала девширме әдісі

арқылы (яғни Осман империясы дәуірінде бұрын басқа дінде болған

балаларды мұсылман ретінде тәрбиелеген. Алайда ол бала өскенде

өзінің балалық шағында христиан немесе басқа дін өкілі болғандығынан

еш хабары болмай тәрбиеленген әдіс болған. Міне бұл әдіс девширме

(қайта тәрбиелеу) әдісі деп аталған) Осман империясының сарайында

қызметке ілікті. Сарайда мәртебесі өсіп, жоғарыға көтерілді. «Аяз паша»

деген атпен әйгілі болды.

Алайда Аяз паша ескі күндерін ұмтыпаған-ды. Ескі, тозығы жеткен

әлгі аяқкиімді сақтап қойғантұғын. Паша мәртебесіне қол жеткізгеннен

кейін, аяқкиімді алтынға толтырып, алғысын бірдірмекші болып кедей

әйелге беріп жіберді (Илбер Ортайлы).