¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
178
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сүйсінбес едім. Сол қоғамға қазір шақырылсам, ойланбастан мүше болар
едім!»
(Ибн Кәсир, әл-Бидая II, 295; Ахмет I, 190, 193)
.
***
Айша (р.а.) былай деп нақыл етеді:
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) есіктің алдында бір-бірімен ұрысып жатқан екі
кісінің айқайын естіді. Қарыз алған кісі, қарыз берген кісіге қарыздың бір
бөлігін кешуін әрі өзіне түсінісушілікпен мәміле жасауын айтып жатқан
еді. Қарыз берген кісі: «Уаллаһи! Жасамаймын», - деп ант-су ішіп жатты.
Олардың қасына келген Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Қайда әлгі жақсылық
жасамаймын деп ант-су ішіп жатқан», - деп сұрады. Қарыз берген кісі:
«Мен мұндамын. Аллаһтың Елшісі! Қалауы білсін», - деді
(Бұхари, Сулх 10;
Мүслим, Мусақат 19)
.
***
Жабир ибн Абдулланың (р.а.) дегеніне сүйенсек, әкесі шәһит
болып көз жұмғанда, бір яһудиге отыз «уасық» құрма қарыз еді.
Жабир яһудиден қарызын өтеу үшін біраз уақыт беруін өтінеді. Бірақ
яһуди қабыл етпейді. Жабир Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп, яһуди мен
екеуінің арасында араша болуын сұранады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) яһудиге
келіп, отыз уасық құрманың орнына, бір баудың құрмасын толығымен
беретіндігін жеткізді. Бірақ ол бұл ұсынысты да қабыл етпеді. Пайғамбар
(с.а.у.) баудың ішіне кіреді. Ішінде ары-бері біраз жүргенннен кейін
Жабирді шақырып: «Құрманы жинап, қарызыңды өте», - деді.
Жабир (р.а.) құрманы жинап, яһудиге отыз уасық қарызын өтейді.
Оғанқоса,онжетіуасыққұрмаөзіндеқалыпқояды.Олдереубұлсүйінішті
хабарды Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) жеткізуге асығады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) екінті намазыноқыпжатқан еді.НамазынбітіргендеЖабирболған
жайды айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұны Омар ибн Хаттабқа айт»,
- деді. Жабир (р.а.) Омарды (р.а.) хабардар етеді.
Мән-жайға қаныққан Омар (р.а.): «Мен, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) баудың
ішінде жүре бастағанда, құрмаға береке кіретіндігін ішім сезген еді», -
дейді
(Бұхари, Истиқраз 9)
.
***
Мұсылмандар «Затур-риқа» ғазауатынан қайтып келе жатқан
болатын. Жабир (р.а.) түйесі нашар болғандықтан артта қалып қоя
беретін. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оның қасына таяп: «Уа, Жабир! Неге артта
қалып қоя бересің?» - деп сұрады. Жабир түйесінің арық екендігін
жеткізді. Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) қолына таяқ алып, түйені бірнеше
мәрте нұқыды. Түйе күтпеген жерден Аллаһ Елшісінің түйесімен
жарысар халге жетті.