(
177
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тиеді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді:
«Араларыңдағы ең қайырлы жан, қарызын дұрыс өтеген жан»
(Бұхари,
Истиқрад 4, Уәкалат 6, Хиба 23; Мүслим, Мусақат 120)
.
«Бай кісінің қарызын өтеуді кешіктіруі зұлымдық (болып табылады)»
(Бұхари, Хауалат 1, 2, Истиқрад 12)
.
Ал имам Раббани: «Қарызыңның бір тиынын иесіне беруің, көптеген
алтынды садақа ретінде беруіңнен артық», - дейді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларының барша қиыншылықтарына
жәрдем беруге күш салатын. Қолынан келгенін, аянып қалмайтын.
Қолдағы мүмкіндігіне қарай, қарыз болып қалғанның қарызын өтеп
жанұясын қиыншылықтан құтқарып қалатын.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді:
«Мен, әрбір мүминге осы дүниеде және ақыретте адамдардың ең
жақынымын! Қаласаңдар мына аяттарды оқыңдар!
«Ол пайғамбар,
мүминдерге өз жандарынан жақын
(болып табылады)
»
(Ахзап сүресі,
6-аят).
Егер кез келген мүмин көз жұмып, артына дүние-мүлік қалдырса
мирасқорлары келіп алсын. Қарыз яки қарауға мұқтаж біреуді қалдырса,
ол маған келсін. Мен оның мәуласымын (бағып-қағушысы, жәрдем етушісі
мен боламын)»
(Бұхари, Тәпсір 4, 15, 25; Мүслим, Фарайыз 14)
.
Сол себепті мұқтаждарға, жолда қалып кеткендерге, қарыз болып
қалғандарға қол ұшын беру, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі іске
асырып бізге, яғни үмбетіне тәлім еткен көркем ахлақтың бірі. Ал
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем ахлағынан пай ала білу қиямет-
қайымда оның байрағының астынан табылуға, ұлы шапағатына қол
жеткізуге себепкер болады.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жаһилия дәуірінде өз еркімен келіп мүше болған
қоғам «хилфул-фудул» еді. Өйткені бұл қоғам, әділеттілікті орнатуға
күш салатын. Зұлымдыққа кедергі болу, жолда қалып қойған жандарға,
мұқтаждарға жәрдем беру бұл қоғамның негізгі қағидалары болатын.
Алғаш рет қиыншылыққа душар болып, өз ақшасын ала алмаған
саудагердің құқығын қорғаумен басталып, өз қызметін жалғастырды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл қоғам жайлы пайғамбарлық келгеннен
кейін былай дейді:
«АбдуллаибнЖудғаныңүйіндекөкелерімменбірге«хилфул-фудулға»
мүше болдым. Сол мәжіліске разы болғандығым соншалық, маған оның
орнына қызыл түсті түйелер (сол кездегі ең құнды дүние) берілсе, солай