Previous Page  176 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

176

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жандарға қарызға қаражат беру аса үлкен игі іс болып табылады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді:

«Миғраж түнінде жәннаттың есігінің үстінде мына сөздің жазылып

тұрғанын көрдім.

«Садақаға, он есе сый жасалады. Ал қарыз ақшаға он сегіз есе сый

жасалады».

Мен:

– Уа Жәбірейіл! Қарызға берілген ақша неге садақадан артық болады?

- деп сұрадым. Жәбірейіл (а.с.):

– Өйткені пақыр (көбінесе) қалтасында аз ақшасы бола тұра садақа

сұрайды. Ал қарызға ақша сұрайтын жан, мұқтаждығы болғандықтан

сұрайды, - деп жауап берді»

(Ибн Мәжә, Садақат 19)

.

Сонымен қатар қарыз алғандарға қолдан келгенше көмек беру қажет.

Әсіресе шын пейілімен қарызын өтегісі келгенімен, шамасы жетпеген

жанға уақыт беру керек. Аллаһ Тағала былай дейді:

«

(Ал)

егер борышты кісі таршылықта болса,

(таршылықтан)

шыққанға дейін уақыт беру

(керек)

. Егер

(ақиқатты)

түйсінер

болсаңдар,

(әлгі қарызды)

садақа яки зекетке

(айналдырсаңдар)

сендерге қайырлы болмақ!»

(Бақара сүресі, 280-аят)

.

Ал төмендегі хадис-шәріптерде былай делінген:

«Кімде-кім қарыз болып қалған кісіге мұрсат берсе, әрбір күнге бір

садақа сауабын алады. Ал кімде-кім қарызды өтейтін күн келіпжеткенде,

қарызды кешіктірсе, кешіктірген әрбір күнге садақа беруі ләзім»

(Ибн

Мәжә, Садақат 14)

.

«Сатқанда, сатып алғанд және қарызын сұрағанда жеңілдік

танытқан кісіні Аллаһ мейіріміне бөлесін»

(Бұхари, Буюуғ 16; ибн Мәжә,

Тижарат 28)

.

«Аллаһ Тағала сендерден бұрын өмір сүрген үмбеттердің бірінен

бір кісінің (күнәларын) кешірген еді. Өйткені ол, сатқанда жеңілдік

жасайтын, сатып алғанда да жеңілдік көрсететін. Әрі қарызын алар

шақта да жеңілдік жасайтын»

(Тирмизи, Буюуғ 75/1320; Нәсай, Буюуғ 104; ибн

Мәжә, Тижарат 28)

.

«Аллаһ Тағаланың қияметтің қиыншылықтарынан құтқарып қалуын

қалаған жан, қарызын өтей алмағанға мүһлет берсін. Яки қарызының бір

бөлігін кешсін»

(Мүслим, Мусақат 32; Ахмет II, 23)

.

Оған қоса, қарыздар кісі бұл игілікті дұрыс түсінуі ләзім. Ол қарызын

өтеугешын пейілімен еңбектенуі қажет. Олай болмаған күнде, қоғамдағы

игілік, жақсылық жасау сезімдері жойылады. Көптеген жанға залалы