(
173
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Рабиғ ибн Абдулла көзі көрген өз уақиғасын былай деп жеткізеді:
«ХазіретХасанмен (р.а.) бірге сырқаттаныпқалғанҚатаданыңкөңілін
сұрап шығу үшін, үйіне бардық. Хасан (р.а.) сырқаттың бас жағына
отырып, оның халін сұрап: «Аллаһым! Жүрегіне шипа бер. Дертіне шипа
бер», - деп дұға етті»
(Бұхари, әл-Әдебул-Муфрад, №537)
.
***
ХазіретУбайдулла АхрарХақ Тағаланың саясында үлкен байлыққа ие
болған еді. Байлығының көптігі соншалық, егістіктерінде мыңдаған кісі
жұмыс істейтін. Алайда бұл мубарак тұлға, соған қарамастан қызметті
тастамайтын. Рухани тұрғыдан кемелдене түсу үшін, танитын немесе
танымайтын кез келген жанға аса үлкен мейірімділікпен қызмет ететін.
Осы қызметтерінің бірін өз аузынан естиік.
«Самарқанттағы Мәулана Құтбуддин медресесіндегі төрт сырқаттың
қызметін өз мойныма алдым. Сырқаттар аурулары асқына түскендіктен,
төсектерін кірлетіп қоятын. Мен оларды қолыммен жуып, ішкі
киімдерін ауыстырып киіндіретінмін. Әрдайым қызмет еткендіктен,
аурулары маған жұқты. Бірақ сол ауырған күйімде құмырамен су тасып,
аурулардың астын тазалауды, киімдерін жууды үзбедім».
ӘулиеМахмұд Сами Рамазанұлы да ауыр дертке шалдығып, орнынан
тұра алмай қалған Жиде мүфтисі Хұсайын мырзаға бір жылға жуық өзі
қызмет еткен еді.
Мінекей әулиелерді ұлық ететін, осы ерекшеліктер. Олар әрқашан
жалғыздардың, ешкімі қалмаған жандардың, қайғы-қасіреттің маңынан
табылады. Ешкім келіп сауда жасамайтын дүкендерге соғып, қажетті
заттарын сатып алады.
***
Әулие Хазірет Мұса мырза жаратылысынан аса рақымды жан
болатын. Пақырлар мен сырқаттарға арнап Худайы емханасын ашқан
еді. Оларға өзінің қызмет етуге шамасының жетпейтіндігіне өкініп, шын
пейілімен: «Күш-қуатым жеткенде, емханаға барып сырқаттарға өзім
қызмет етер едім», - дейтұғын.
Әрі сол мейірімділік сарынымен: «Ешкімі жоқтарға баспана беруіміз
керек. Оларға қызмет етуге тиіспіз. Әйтпесе Хақ Тағаланың құзырында
жауапқа тартыламыз», - деп туыстарымен бірге «Худайы» қарттар үйін
құрды. Ол оның кең рақымдылығының бір көрінісі болатын.
***
Еуропалық саяхатшы Хункенің естелігіндегі, мұсылман ауру-
ханасында жатқан бір жас жігіттің әкесіне жазған хатынан үзіндіге көз
жүгіртелік. Бұл хаттан мұсылмандардың сырқаттанып қалған, ауыр