¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
174
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
дертке шалдыққан кісілерге жасаған керемет, ғажап мәмілелеріне куә
боласыз.
«Әкешім! Сіз маған: «Қаражат керек пе?» - деп жазыпсыз. Мен
жазылып шыққанда аурухана бірсыдырғы жаңа киім әрі дереу жұмысқа
бастап кетпесін деген мақсатта бес алтын береді. Сондықтан қой сатып
әуре болмай-ақ қойыңыз...
Бұл жерден шыққым келмейді. Төсектер жұмсақ, жаймалар аппақ,
көрпелер жібектей. Кез келген бөлмеде су ағады. Күн суығанда барлық
бөлме жылытылады. Бізді қарап жүрген дәрігерлер өте мейірімді,
рақымды жандар. Асқазаны жақсы қорыта бастаған әрбір сырқатқа үй
құстары және қойдың етінен қуырдақ беріледі. Көршім тауықтың тәтті
төсін тағы да бірнеше күнжеп қалу үшін біраз күн сырқатынан айықпаған
кейіп танытты. Бірақ бас дәрігер күмәнданып қалды. Жазылғандығының
дәлелі ретінде бір нанмен бүтін тауықты жеуіне рұқсат бергеннен
кейін, үйіне қайтарып жіберді. Міне жағдай осы. Менің алдыма соңғы
қуырылған тауығым қойылмай тұрғанда, тезірек кел!..»
***
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Аллаһтың
құлдарына жасалған ықыласты (шынайы) қызметтер Хақ Тағаланың
разылығына қол жеткізуге себеп болары хақ. Мол сауапқа кенелтері
даусыз. Сондықтан, қоғамдағы көңілі жабығып жүрген қайғылы
жандарды зиярат етіп қамқорлыққа алу аса маңызды міндет және
жауапкершілік болып табылады.
Қасіретке душар болып, мұңайған жандардың кебін бізде киюіміз
әбден мүмкін. Сондықтан қайғылы, жалғыз, сүйеуі жоқ, мұқтаж, аш
жандардың мұқтаждықтарын өтеумен айналысу (біздің) Раббымызға
дегеншүкір борышымыз. Қолдағы барша мүмкіндікті мұқтажжандармен
бөліселік. Оларды қуанышқа бөлеп, сүйіндіріп дүниеде рухани
кемелдігімізді арттырайық. Ал ақыретте олар қолдаушымыз болып,
жәннатта бақытымызға септігін тигізсін ағайын!
в) Мұқтажға, қарыз болып қалғанға және жолда
қалғанға жәрдем беру
Аллаһ Тағала бұл әлемді адамзат баласын емтихан (сынақ) ету үшін
жаратқан. Әрі адамдарды көптеген хикметке (даналыққа) байланысты
алуан түрлі деңгейде жаратқан. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала былай
дейді:
«
(Уа, Мұхаммед!)
Раббыңның мейірімін, олар бөліп беріп жүр ме?
Олардың осы дүниедегі ырыздығын Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-
біріне қызмет ету үшін, бәз біреулерін өзгелерден дәреже тұрғысынан