Previous Page  171 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 462 Next Page
Page Background

(

171

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Уа, барша адамзаттың Раббысы болған Аллаһым! (Мынаның)

дертіне демеу болып, шипа бер! Шипаны беретін тек Сенсің! Сенің

шипаңнан өзге шипа жоқ. (Мынаның) ешбір ауруы қалмайтындай шипа

бер»!

(Бұхари, Марда 20, 38, 40; Мүслим, Сәлем 46-49)

.

***

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сырқаттанып қалған шағында Жәбірейіл

(а.с.) келіп: «Уа, Мұхаммед! Сырқаттанып қалдың ба?» - деп сұрады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Иә, сырқаттанып қалдым», - деп жауап берді.

Жәбірейіл (а.с.):

«Аллаһтың атымен, сенің мазаңды алған күллі нәрседен сені

оқимын. Кез-келген кісінің жамандығына яки күндеуші жанның көзінің

жамандығына Аллаһ саған шипа берсін! Аллаһтың атымен сені оқимын»,

- деп дұға еткен еді

(Мүслим, Сәлем 40)

.

Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) төмендегі мына халі сырқаттанып қалған,

ауыр дертке шалдыққан жандарға қол ұшын берудегі өнегелі игілігін

көрсетеді.

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағы сахабаларына қарап:

– Араларыңда кім бүгін ораза ұстады? - деп сұрады. Хазірет Әбу

Бәкір (р.а.):

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен ораза ұстадым, - деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Бүгін кім бір жаназаға қатысты? - деп сауал қойды. Хазірет Әбу

Бәкір (р.а.):

– Аллаһтың Елшісі! Мен қатыстым! - деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Кім бүгін бір пақырды тойғызды? - деп сұрады. Хазірет Әбу Бәкір

(р.а.):

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен тойғыздым, - деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Бүгін кім сырқаттанып қалған біреудің көңілін сұрап шықты? - деп

сауал қойды. Хазірет Әбу Бәкір:

– Мен сұрап шыққан едім! Аллаһтың Елшісі! - деп жауап берді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағыларға көз жүгіртіп: