Previous Page  166 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

166

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

керек. Кәлима-таухидті айтсын деп сырқатты қинамау қажет. Өйткені

қиын, ауыр жағдайларда науқасты ашуландыру, «ләә иләәһә иллаллаһ»

сөзін айтпастан көз жұмуына себепші болуы әбден мүмкін. Әрі бұл үлкен

пәлекетке айналары даусыз.

Сонымен қатар аурудың көңілін сұрап шығу қысқа болуы қажет.

Қандай да бір мұқтаждығы болса, шын пейілмен өтелуі тиіс.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) сырқаттанып қалған, ау-

ыр дертке шалдыққан жандардың көңілін сұрап шығуға, мұқтаждықта-

рын өтеуге үлкен көңіл бөлетін. Сахабаларын да осы тәрбиеде баулыған

болатын.

Салман (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ауырып қалған ансардың бірінің көңілін сұрап

шыққан еді. Қолын сырқаттың маңдайына қойып: «Өзіңді қалай сезініп

жатырсың?» - деп сұрады.

Науқас Пайғамбарымызға жауап бермеді. Маңайындағылар: «Уа,

Аллаһтың Елшісі! Ол сізді байқамады», - десті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олай болса, мені онымен жеке қалды-

рыңдар», - деді. Адамдар тысқа шығып кетті. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қолын

науқастыңмаңдайынан алды. Науқас қолыңдықайта қой деп ишарат етті.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ей, пәленше! Өзіңді қалай сезініп жатырсың?»

- деп сұрады.

Науқас: «Жақсы. Жаныма біреуі қара, екіншісі ақ реңді екі кісі келді»,

- деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Қайсысы саған жақындау?» - деп сұрады.

Науқас: «Қара түстісі, маған жақындау», - деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олай болса жақсылық аз, жамандық көп»,

- деді.

Науқас: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Дұға ет! Маған пайдасы тисін», -

деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһым! Көбін кешіріп, азын тәмамда», - деп

дұға етті.

Артынша Аллаһ Елшісі науқасқа қарап: «Не көріп жатырсың?» - деп

сауал қойды.

Науқас: «Әке-шешем жолыңа құрбан болсын! Жақсылық көріп

жатырмын. Жақсылық көбейіп, жамандық азайып жатыр. Қара түсті кісі

менен ұзап кетті», - деп жауап берді.